Металлургиялық пештер және жылуберілу

Жумаканов Ардагер Ертаргынович

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: Курс жылжымалы фазаларды қамтитын процестерді қоса алғанда, технологиялық жүйелердегі жылу және масса алмасу негіздерін қамтиды. Экологиялық тиімді жобалауға ерекше назар аударылады: жылу техникасы құрылғыларының математикалық үлгілерін әзірлеу және қолдану, энергияны үнемдейтін және экологиялық таза энергия көздерін, құрылыс және отқа төзімді материалдарды, сондай-ақ пайдаланылған газдарды тазарту жүйелерін таңдау. Қоршаған ортаға әсерді азайту және өндірістік процестердің тұрақтылығын арттыру мақсатында жылу балансының принциптері қарастырылады.

Кредиттер саны: 6

Пререквизиты:

  • Металлургиялық үрдістердің жылу энергетикасы

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер 30
Практикалық жұмыстар 30
Зертханалық жұмыстар
СӨЖО 30
СӨЖ 90
курстық жоба
Қорытынды бақылау нысаны емтихан
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны Жазбаша емтихан

Компонент: Таңдау бойынша компонент

Цикл: Кәсіптік пәндер

Мақсат
  • Студенттерді курстық жобаны орындау барысында қажетті қолданбалы сипаттағы біліммен қатар сол алынған білімді ары қарайғы оқуда, соның ішінде дипломдық жобалауда және тәжірибелік қызметте кәсіби түрде қолдана білуді қамтамасыз ету.
Міндет
  • Студенттердің технологиялық жүйелерде масса және жылу тасымалдау, соның ішінде қозғалатын фазалардың қатысымен өтетін үрдістерді талдай білуге үйрету. Қарастырылатын жылу техникалық құрылғылардың математикалық модельдерін құру және қолдана білу. Энергия көздерін, отқа төзімді және конструкциялық материалдарды, газ тазарту жүйелерін есептеу және таңдау. Технологиялық агрегаттардың жылулық баланстарын құру.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Отынның жануының, тұрақталған жылуберілу, конвекциямен жылуберу коэффициентін (Нуссельт критерийін және ұқсатылағн формулаларды қолдану арқылы), жылулық агрегаттың сыртқы бетінің температурасын анықтау (графикалық және талдаулық әдістермен), газ құбыры арқылы газ ағымы өткен кездегі арынның жоғалымдарын және т.б. есептеу әдістемесін түсіну және білу.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Студенттердің технологиялық жүйелерде масса және жылу тасымалдау, соның ішінде қозғалатын фазалардың қатысымен өтетін үрдістерді талдай білуі. Қарастырылатын жылу техникалық құрылғылардың математикалық модельдерін құру және қолдана білуі.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Математикалық модельдерді технологиялық қондырғыларға қатысты қолдану, энергия көзін, отқа төзімді және конструкциялық материалдарды, газ тазарту жүйелерін металлургиялық өнеркәсіпті жобалаған кезде есептеу және таңдау.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Технологиялық міндеттерді жобалау және жетілдіру кезінде жеке және топ мүшесі ретінде тиімді жұмыс істеу, жеке жауапкершілік таныта білу, кәсіби этика және кәсіби қызметті жүргізу нормаларына сай болу қабілеттілігі.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Ғылыми-жаратылыстану сипатындағы алған білімдерді ары қарайғы ары қарайғы оқуда, технологиялық міндеттерді шешуде, жобалауда және жетілдіруде және тәжірибелік инновациялық ғылыми жобаларды орындауда ұолдану қабілеттілігі.