Асыл металдар металлургиясы
Сипаттама: Бұл курста асыл металдарды минералдық және техногендік шикізаттан алу теориясы мен практикасы, асыл металдар шикізатын және аралық өнімдерді қайта өңдеудің заманауи әдістері, негізгі қайта өңдеу сатыларының технологиялық сұлбалары мен аппараттық жабдықталуы қарастырылады. Металлургиялық операцияларды жүргізу тәжірибесі баяндалады, металлургиялық кәсіпорындарда полиметалдық шикізатты кешенді пайдалану мәселелері қарастырылады. Сонымен қатар, асыл металдар бар қайталама шикізатты дайындау және өңдеу мәселелері де қамтылады.
Кредиттер саны: 6
Пререквизиты:
- Инженерлік білім беруге кіріспе
- Металлургиялық үрдістердің технологиясы
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
| Жұмыс түрлері | сағат |
|---|---|
| Дәрістер | 30 |
| Практикалық жұмыстар | 30 |
| Зертханалық жұмыстар | |
| СӨЖО | 30 |
| СӨЖ | 90 |
| Қорытынды бақылау нысаны | емтихан |
| Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны | Ауызша емтихан |
Компонент: Таңдау бойынша компонент
Цикл: Кәсіптік пәндер
Мақсат
- Минералдық және техногендік шикізаттан асыл металдарды алу, өңдеу саласындағы физикалық-химиялық үдерістер мен қазіргі технологияларды түсіну үшін қажетті теориялық білімдер мен практикалық дағдыларды қалыптастыру. Сонымен қатар пән экономикалық тиімділік, қауіпсіздік және экологиялық талаптарды ескере отырып, металлургиялық өндірісте технологиялық сұлбалар мен жабдықтарды қолдана алатын білікті мамандар дайындауға бағытталған.
Міндет
- Алтын мен күмісті өндірудегі металлургиялық үдерістерінің физикалық-химиялық негіздерін зерттеу: алтын құрамды кендерді ерітінділеу, ерітінділерден асыл металдарды тұндыру, аффинаж үдерістері.
- Студенттерді асыл металдар өндірісінің қазіргі технологиялары және аппараттық қамтамасыз етілуімен таныстыру және әртүрлі типтегі кендер мен аралық өнімдерді өңдеу кезіндегі технологиялық сұлбаларды талдау дағдыларын дамыту.
- Қиын байытылатын және балансқа кірмейтін кендерді өңдеудің негізгі үдерістерімен танысу.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
- Минералдық және техногендік шикізаттан асыл металдарды бөліп алу бойынша теориялық негіздерді, физикалық-химиялық үдерістерді және заманауи әдістерді, сондай-ақ қолданылатын жабдықтардың жұмыс істеу принциптерін білу мен түсінуді көрсету.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
- Асыл металдарды өндіру бойынша теориялық және практикалық негіздерге қатысты білім мен түсініктерді технологиялық міндеттерді шешуде, технологиялық сұлбаларды әзірлеу немесе талдау кезінде, сондай-ақ шикізатты өңдеу әдістері мен жабдықтарын таңдауда қолдана білу.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
- Асыл металдарды алу және өңдеу әдістерін, технологиялық шешімдерді таңдау бойынша негізделген пікірлер қалыптастыру, олардың тиімділігін, экологиялық және экономикалық тиімділігін өндірістік жағдайларға сәйкес бағалай білу.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
- Командада жұмыс істеу барысында коммуникативтік қабілеттерді көрсету, кәсіби мәселелерді талқылауға қатысу, техникалық ақпаратты ауызша және жазбаша түрде нақты әрі дәлелді жеткізе білу.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
- Асыл металдар металлургиясы саласындағы білімді кеңейту және тереңдету мақсатында өз бетінше оқуға және кәсіби дамуға қабілеттілікті, ақпараттың әртүрлі көздерін тиімді пайдалануды көрсету.