Қорғасын, мырыш және кадмий металлургиясы
Сипаттама: Қорғасын, мырыш және кадмий шикізат базасымен және олардың кендері мен концентраттарын қайта өңдеудің технологиялық схемаларымен танысу, қорғасын, мырыш және кадмий алу кезінде металлургиялық агрегаттарда өтетін пирометаллургиялық және гидрометаллургиялық процестердің негізгі термодинамикалық және кинетикалық заңдылықтарын зерделеу; олардан құнды компоненттерді алу мақсатында өндірістің аралық өнімдерін қайта өңдеу әдістері мен технологияларын зерделеу; негізгі технологиялық жабдықтың жұмысы.
Кредиттер саны: 8
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
| Жұмыс түрлері | сағат |
|---|---|
| Дәрістер | 30 |
| Практикалық жұмыстар | |
| Зертханалық жұмыстар | 45 |
| СӨЖО | 45 |
| СӨЖ | 120 |
| Қорытынды бақылау нысаны | емтихан |
| Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны | емтихан |
Компонент: Таңдау бойынша компонент
Цикл: Кәсіптік пәндер
Мақсат
- студенттердің қорғасын, мырыш және кадмий өндірудің теориялық негізін, қорғасын, мырыш және кадмий өндірісінің заманауи күйін және осы саланың даму болашағын игеруі болып табылады.
Міндет
- студенттерді қорғасын, мырыш және кадмийді өндіру кезінде металлургиялық агрегаттарында жүретін үрдістердің негізгі заңдылықтары туралы заманауй түсініктерінің болуы, қорғасын, мырыш және кадмийді алу процестерінің технологиялық үрдістерінің, материалдық және жылулық баланстарын есептеу әдістерін игеру, сонымен қатар студенттерді іс-тәжірибелік қызметтерде қолдану үшін жаратылыстану-ғылыми сипаттағыы терең біліммен қамтамасыз ету.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
- қорғасын, мырыш және кадмийдің шикізат базасын және құрамында қорғасын, мырыш және кадмийі бар материалдарды өңдеудің технологиялық сұлбаларыын білу; - қорғасын, мырыш және кадмийді алу кезінде металлургиялық агрегаттарда жүретін пирометаллургиялық және гидрометаллургиялық үрдістердің негізгі термодинамикалық және кинетикалық заңдылықтарын және теориялық негіздерін түсінуі және білуі тиіс - қорғасын, мырыш және кадмий өндірісінің аралық өнімдерін өңдеп, олардан бағалы құрауыштарды бөліп алу жолдары мен технологияларын түсінуі және білуі тиіс;
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
- қорғасынды өндіру кезінде пайдаланылатын автогендік үрдістердің технологиясын және теориялық негізін түсінуі және білуі тиіс; - негізгі технологиялық жабдықтардың құрылысын және жұмыс істеп принциптерін түсінуі және білуі тиіс; - металлургиялық үрдістерді теориялық және іс-тәжірибелік зерттеудің негіздерін түсінуі және білуі тиіс;
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
- - қорғасын, мырыш және кадмийді алу процестерінің технологиялық есептеулерін түсінуі және оларды шығаруға қолдануы - алынған білімді қорғасын, мырыш және кадмийді алудың технологиялық процестерін зерттеу үшін түсіну және қолдану - қорғасын, мырыш және кадмийді алу процестерінің технологиялық есептеулерін жүргізу үшін математикалық, жаратылыстану-ғылыми пәндер, арнайы пәндердің негізгі заңдарын пайдалану
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
- - металлургиялық процестердің теориялық және тәжірибелік зерттеулерін жүргізу; - қорғасын, мырыш және кадмийді өндіру процестері бойынша зерттеулік жұмыстардға әдебиеттік шолу жасау; - қорғасын, мырыш және кадмийді өндірудің технологиялық процестерін зерттеу нәтижелерін қорытындылау және түсіндіру
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
- - орындалған зерттеулік жұмыстар бойынша есептеме дайындау - зерттеулік жұмыстарды орындау нәтижелері бойынша ақпараттар беру; - командада жұмыс істей білу; - зерттеулік жұмыстардың және қорғасын, мырыш және кадмийді алу процестерінің технологияларын талдау негізінде негізгі проблемаларды анықтау және оларды шешу жолдарын табу;