Металдарды өңдеу технологиясы

Испаева Венера Муратовна

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: «Металдарды өңдеу технологиясы» пәнін оқу кезінде студент дайындамалар мен машина бөлшектерін алу және өңдеу әдістерін таңдау, өнімнің жоғары сапасын қамтамасыз ету, материалдарды үнемдеу, жоғары еңбек өнімділігі саласында білім алады.

Кредиттер саны: 5

Пререквизиты:

  • Инженерлік білім беруге кіріспе
  • Металдар физикасы және металлтану

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер 15
Практикалық жұмыстар 30
Зертханалық жұмыстар
СӨЖО 30
СӨЖ 75
Қорытынды бақылау нысаны емтихан
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны емтихан

Компонент: Таңдау бойынша компонент

Цикл: Базалық пәндер

Мақсат
  • Пән қолданбалы бакалаврларды өндірістік қызметке дайындауға бағытталған. Дәріс және практикалық сабақтар арқылы теориялық білім алу процесінде студенттер тауарлық өнімдерді алу үшін металды өңдеудің әртүрлі әдістерін қолдана отырып, металдың конфигурациясын өзгерту туралы түсінікке ие болуы керек.
Міндет
  • Тәжірибелік сабақтар өткізу және өзіндік жұмыстарды орындау арқылы студент металдар мен қорытпаларды өңдеудің құрылымы мен технологиясы саласындағы теориялық білімін бекітеді.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Әртүрлі физикалық және химиялық ұғымдарды, заңдарды түсіндіру, тәжірибелер жүргізу, нәтижелерді қорытындылау
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Металлургиядағы объектілер мен технологиялық процестерді модельдеу үшін күрделі инженерлік іс-әрекетте алған білімдерін пайдалану
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Қазіргі металлургиялық технологиялар мен материалдарды жетілдірудегі ақпараттың мәні мен маңызын түсіну
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Топта жұмыс істеуге қажетті коммуникативтік дағдыларды дамыту.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Металдарды өңдеу саласындағы практикалық есептерді шешу кезінде алған негізгі білімдерін сауатты пайдалану - металдар мен қорытпалардың қажетті құрылымы мен қасиеттерін алу үшін әртүрлі өңдеу әдістерін таңдау.