Металдар физикасы және металлтану

Абдулина Сауле Амангельдыевна

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: "Металдар физикасы және металтану" пәні физика және металдардың физикалық қасиеттері саласындағы теориялық дайындыққа, олардың қасиеттерінің берілген бағытта өзгеруін қамтамасыз етуге, яғни атомның қазіргі теориясын, идеалды және нақты кристалдардың кристалдық құрылымын, дислокация теориясын, қорытпалардағы компоненттер арасындағы өзара әрекеттесу заңдылықтарын және әртүрлі жүйелердегі фазалық тепе-теңдік мәселелерін, сондай-ақ қара және түсті металдарды термиялық өңдеу технологиясын зерттеуге арналған.

Кредиттер саны: 5

Пререквизиты:

  • Физика
  • Физика. Мектеп курсы

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер 15
Практикалық жұмыстар 30
Зертханалық жұмыстар
СӨЖО 30
СӨЖ 75
Қорытынды бақылау нысаны емтихан
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны

Компонент: ЖОО компоненті

Цикл: Базалық пәндер

Мақсат
  • - студенттерді металдар физикасының негіздерімен таныстыру; - металдар мен қорытпалардың физикалық қасиеттерінің микроқұрылымға, кристалдық тор ақауларының құрамына, тығыздығына, элементтердің периодтық кестесіндегі жағдайына, фазалық жай-күйі мен температурасына тәуелділігін талдау және болжау дағдыларын меңгеру.
Міндет
  • металл байланысының ерекшеліктері және әртүрлі металл жүйелеріндегі құрылымы мен қасиеттерінің қалыптасу заңдылықтары туралы қазіргі заманғы түсініктерді зерделеу; - болаттар мен қорытпалардағы фазалық өзгерістерді зерттеу үшін зерттеу әдісін таңдау білігін қалыптастыру; - машиналар мен құрал бөлшектерінің жоғары сенімділігі мен ұзақ мерзімділігін қамтамасыз ететін металдарды беріктендірудің әртүрлі тәсілдерінің теориясы мен практикасын зерделеу.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Пәнді оқу нәтижесінде студент білуі және түсінуі керек: - пластикалық деформация механизмдері және металдардың механикалық қасиеттері; - қызудың деформацияланған металдың құрылымы мен қасиеттеріне әсері; - өндіріс және пайдалану жағдайында металдарда болатын құбылыстардың физикалық мәні, олардың қасиеттерімен байланысы, металдар мен қорытпалардың негізгі қасиеттері.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Оқу нәтижесінде студенттер алған білімдерін металдар мен қорытпалардың жай-күйінің диаграммаларын оқу; металдар мен қорытпалардағы фазаларды анықтау; металдарды термиялық өңдеуді жүргізу және механикалық қасиеттерін анықтау; металдар мен қорытпалардың маркалары бойынша құрылымдық материалдарды таңдау кезінде қолдана алады.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Оқыту нәтижесінде студенттер технологиялық процестердің негізгі теориялық заңдылықтары туралы, кәсіби мәселелерді шешуде теориялық білімді қолдану туралы тұрақты түсініктерді қалыптастырады.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Оқыту нәтижесінде командада жұмыс істеу үшін қажетті коммуникативтік қабілеттер дамиды.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Оқыту нәтижесінде студенттер металтану саласындағы практикалық міндеттерді шешу кезінде; болат пен қорытпалардың қажетті құрылымы мен қасиеттерін алу үшін термиялық өңдеу режимін таңдау кезінде алған базалық білімдерін сауатты пайдалану дағдыларына ие болады.