Ұнтақты материалдардың технологиясы және қасиеттері

Семилуцкая Оксана Валерьевна

Оқытушының портфолиосы

Абдулина Сауле Амангельдыевна

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: Ұнтақты металлургияны дамытудың негізгі бағыттарын, Ұнтақты металлургия технологиясының ұқсастықтары мен бәсекелестерін; дәнекерленген және композициялық материалдардың құрылымы мен қасиеттерінің өзара байланысын, сондай-ақ оларды бағытталған реттеу тәсілдерін; дәнекерленген және композициялық материалдарды алу процестерінің әдістері мен технологиялық аспектілерін; өндірістің негізгі салалары бойынша машиналар мен жабдықтардың құрылғыларын, әрекет ету және пайдалану принциптерін білу қамтамасыз етіледі.

Кредиттер саны: 8

Пререквизиты:

  • Металдар физикасы және металлтану
  • Металдар физикасы және металлтану

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер 30
Практикалық жұмыстар
Зертханалық жұмыстар 45
СӨЖО 45
СӨЖ 120
курстық жұмыс
Қорытынды бақылау нысаны емтихан
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны Емтихан жазу

Компонент: Таңдау бойынша компонент

Цикл: Кәсіптік пәндер

Мақсат
  • Пәннің мақсаты композициондық және күйежентектелген материалдарды алудың теориялық негіздерін және олардың негізінде бұйымдарды жасауды оқыту, ұнтақты металлургияның әдістерімен жасалынған күйежентектелген және композиционндық материалдардың материалтануы салаларында жеке кәсіптік дағдыларды игеру.
Міндет
  • Пәнді оқыту міндетемелері ұнтақты металлургияның негізгі бағыттарының және бәсекелестік болатын салалардың дамуы туралы білім беру; күйежентекелген және композиционндық материалдардың құрылымы мен қасиеттердің байланысы және бағыттамалы түрде шикіқұрамды дайындау, пішіндеу, ұнтақтар негізінде бұйымдарды күйежентектеуді, сонымен қатар негізгі операцияларда қолданылатын жабдықтар мен қондырғалардың пайдалану және жұмыс істеу принциптерін басқару әдістерін қарастыру.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Студент металтану, сонымен қатар ұнтақты металлургияның туындайтын негізгі ғылыми -техникалық мәселелерін және дамуын білу керек. Қамтылатын түсініктер түлектерге ұнтақты және композиционндық материалдармен олардан жасалатын бұйымдар металлургияның әлемдік ғылыми- техникалық дағдарысқа сай өзгеру қажет.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Алынатын білімдер технологиялық сұлбаларды әзірлеуде; өндірістің негізін және әдісін таңдауда; бастапқы шикізат материалдарын таңдауда; ұнтақты және композиионндық материалдарды алудың шарттарын есептеуде; пішіндеу және күйежентектеу үшін қолданылатын бастапқы шикізатты дайындауда; алынатын ұнтақты күйежентектелген және композиционндық бұйымдардың қасиеттерін анықтауда; пішіндеу және күйежентектелген режимдерін таңдауда қолданыс табады.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Ұнтақты металлургия әдістерімен өндірудің теориялық және технологиялық негіздерін талдау, ортақтастыру және ойлау мәдениетін игеру; ең тиімді әдістерді және кәсіптік саладағы мәселелерді орындау тәсілдерін таңдау.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Ұжымда жұмыс істеу, басшылармен және ұжым мүшелерімен тиімді түрде араласу. Адамдарды тыңдау білу және түсіну, оларға басымдылық көрсету, сонымен қатар адамдармен жақсы жеке және істі қарым-қатынастарды орнату.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Кәсіптік және жеке басты саладағы туындайтын мәселелерді дербес түрде анықтау; өздігінен білім алумен айналысу; белгілі бір жеке саланы іске асыру мақсатында әр түрлі әдістерді қолдану