Машина жасау өндірісінің технологиялык процесстері

Капкенова Мадина Турлыбековна

Оқытушының портфолиосы

Кабдуллина Динара Сайлаубековна

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: Машина жасау және басқа техника саласындағы өндірістерде жиі қолданылатын қара және түсті металл негізді қорытпаларды (болат, шойын және жез, қола, силумин, дуралюминий) өндіру тәсілдері, оларды термиялық, механикалық өңдеу түрлері қаралып, металл емес материалдар. Негізгі конструкциялық материалдарды технологиялық өңдеу (құю, пісіру, қысыммен өңдеу, кесіп өңдеу) тәсілдері арқылы әртүрлі тетіктер мен бұйымдарға қажетті пішіндер беру жолдары.

Кредиттер саны: 6

Пререквизиты:

  • Физика. Мектеп курсы

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер 30
Практикалық жұмыстар 30
Зертханалық жұмыстар
СӨЖО 30
СӨЖ 90
Қорытынды бақылау нысаны емтихан
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны

Компонент: Таңдау бойынша компонент

Цикл: Базалық пәндер

Мақсат
  • Курсты оқуда машина жасау және басқа техника саласындағы өндірістерде жиі қолданылатын қара және түсті металл негізді қорытпаларды (болат, шойын және жез, қола, силумин, дуралюмигний) өндіру тәсілдері, оларды термиялық, механикалық өңдеу түрлері қаралып, металл емес материалдар жайында жалпы мәлімет беріледі. Негізгі конструкциялық материалдарды технологиялық өңдеу (құю, пісіру, қысыммен өңдеу, кесіп өңдеу) тәсілдері арқылы әртүрлі тетіктер мен бұйымдарға қажетті пішіндер беру жолдары қарастырылады.
Міндет
  • Материалдардың құрылуы мен қасиеттері арасындағы байланысты, дайындамалардың қалып түзілуі мен машина бөлшектерінің негізгі технологиялық тәсілдері туралы білім беру сонымен қатар конструкциялық материалдарды талдау принціпін оқыту, конструкциялық материалдарды өңдеу және балқытып құю, қысыммен өңдеу, пісіру, кесу және басқа әдістерімен өңдеу арқылы пішінің өзгертіп дайындамалар мен бөлшектерді жасау технологиясымен білімгерлерді таныстыру.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Көміртекті және легірленген болаттарды, түсті металдар негізді конструкциялық қорытпаларды таңбалау принциптерін жетік білу; металл мен қорытпаларды құю өндірісінің жетістіктерін, пісіріп өңдеу түрлерін, әртүрлі температурада қысыммен өңдеу жолдарын, кескіш білдектердің атқаратын жұмыстарын білу.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Қазіргі кезендегі өндіріс мүмкіншіліктерімен, конструкциялық материалдарды алудың, өңдеудің және беріктендірудің әр түрлі технологиялық әдістерін жетілдіру және даму перспективаларымен таныстыру, конструкциялық материалдарды дұрыс таңдап алып әр түрлі әдістермен өңдеу үшін осы пәннің білімін пайдаланады.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Машина жасау және басқа техникалық салаларда қолданылатын конструкциялық материалдарды пайдалана білу, олардың технологиялық өңдеу тәсілдерінің ерекшеліктерін есепке ала отырып, жұмыс атқару сенімділігін қамтамасыз етуге көңіл бөлу.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Әртүрлі технологиялық процестердегі химиялық реакциялардың қалдығына сәйкес стехиометриялық, материалдық, электрондық көрсеткіштерін құра білу; машина жасау саласында пайдаланатын қазіргі заманғы технологиялық жаңалықтарды игеруге қабілетті; қойылған талаптарға сәйкес конструкциялық материалды тиімді өңдеу жолдарын табу; өндірістік жағдайларда туындайтын мәселелерге өзінің кәсіби тұрғысынан шешім таба білу.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Пәннің негізгі ережелерін өзі жұмыс атқаратын бағытына сәйкестеу; Физикалық-химиялық процестердің бағытын бағалау; тепе-теңдіктегі фазаларды бағалау арқылы қойған мәселені шешу үшін технологиялық процестердің тәсілін таңдай білу; конструкциялық материалдарды тиімді пайдалануға және технологиялық қасиеттерін талдауға қабілетті.