Технологиялық машиналарды жинақтау және пайдалану

Молдаханов Бекболат Аскерханович

Оқытушының портфолиосы

Есеркегенова Бекзат Жамбылқызы

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: Пән әртүрлі технологиялық жабдықтарды орнату, баптау және қызмет көрсету үшін қажетті білім мен дағдылар кешенін қамтиды. Курс мамандарды технологиялық машиналармен және жабдықтармен тиімді жұмыс істеуге дайындайды, бұл көптеген салалар, соның ішінде тау-кен өндірісі үшін маңызды. Студенттер монтаждау мен баптауды жүзеге асыруды ғана емес, сонымен қатар өндірістегі өнімділік пен қауіпсіздікті арттыруға ықпал ететін жабдықты жұмыс күйінде ұстауды үйренеді.

Кредиттер саны: 5

Пререквизиты:

  • Инженерлік білім беруге кіріспе

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер 15
Практикалық жұмыстар 30
Зертханалық жұмыстар
СӨЖО 30
СӨЖ 75
Қорытынды бақылау нысаны емтихан
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны

Компонент: Таңдау бойынша компонент

Цикл: Кәсіптік пәндер

Мақсат
  • Студенттердің технологиялық машиналар мен жабдықтарды жинақтау, ұйымдастыру түрлері мен құрастыру әдістері аумағында жүйелі ғылыми және кәсіптік білім алуын және машықтануын қалыптастыру.
Міндет
  • - студенттерге технологиялық машиналарды жинақтау және пайдалану облысында теориялық негіз қалыптастыру; - технологиялық машиналардың және жабдықтардың жұмыс істеу жағдайының техникалық жағдайына дәл келетінін дәлелдей алу; - технологиялық машиналарының ерекшеліктері бойынша, тау-кен жұмыстарын механикаландыруға арналған негізгі және қосымша жабдықтарды пайдалану бойынша машықтану
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Пән аралық жобаларды, топпен жұмыс атқаруды, сонымен қатар интернационалды, жүзеге асыруға мамандарды даярлау
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Қазіргі заманғы машиналардың құрылысы мен ерекшеліктері жайында кешенді білім қалыптасытру, сонымен қатар нақты өндіріс жағдайындағы технологиялық үрдістерге қажетті техниканы тиімді таңдау.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Керекті деректерді, білімді және мағлұматтарды түсіндіру. Есептеулерді негіздеу және тиімді параметірлерді тандау, кешенді сұрақтарға жауап таба білу. Табылған мағлұматтар негізінде қорытынды шығара білу және пікір қалыптастыру.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Мағлұматтарды, идеяларды, мәселелерді, олардың шешімдерін, қортындыларын және оларды құрастыруға арналған білімдерді анық жеткізе білу.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Алған білімнің және түсініктің негізінде жоғарғы дәрежеде өз бетімен оқуды жалғастыруға бейімділікті қалыптастыру.