Өзара ауыстырымдылық негіздері және техникалық өлшеу

Тлеужанова Гульнур Болатханкызы

Оқытушының портфолиосы

Есеркегенова Бекзат Жамбылқызы

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: Пән машина бөлшектерінің өзара алмасуын қамтамасыз ету принциптерін, төзімділік пен қонуды, стандарттар жүйесін, сондай-ақ техникалық өлшеу әдістері мен құралдарын зерттейді. Өлшеулердің дәлдігіне, қателіктерді талдауға және нормативтік құжаттаманың талаптарын сақтауға ерекше назар аударылады. Машина жасау өнімдерін жобалау, өндіру және сапасын бақылау үшін қажет.

Кредиттер саны: 6

Пререквизиты:

  • Физика

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер 30
Практикалық жұмыстар 30
Зертханалық жұмыстар
СӨЖО 30
СӨЖ 90
курстық жұмыс
Қорытынды бақылау нысаны
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны

Компонент: ЖОО компоненті

Цикл: Базалық пәндер

Мақсат
  • Білім алушылардың бөлшектердің өзара алмастырымдылығы, шақтамалар мен қондырулар, сондай-ақ бұйымдарды дайындау, құрастыру және сапасын бақылау дәлдігін қамтамасыз етуге қажетті техникалық өлшеулер саласындағы білімдері мен практикалық дағдыларын қалыптастыру.
Міндет
  • Бөлшектердің өзара алмастырымдылығы, шақтамалар мен қондырулардың негізгі ұғымдарын меңгеру. Техникалық өлшеу әдістері мен құралдарын игеру. Бөлшектердің шекті өлшемдерін, ауытқуларын және шақтамаларын анықтауды үйрену. Бұйымдардың сапасын өлшеу және бақылау бойынша практикалық дағдыларды дамыту. Бөлшектерді дайындау және құрастыру кезінде стандарттар мен техникалық құжаттаманы қолдануды үйрену.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Білім алушы бөлшектердің өзара алмастырымдылығының негізгі ұғымдарын, шақтамалар мен қондырулар жүйесін, техникалық өлшеу қағидаларын, өлшеу құралдарының сипаттамаларын, сондай-ақ бұйымдарды дайындау дәлдігі мен сапасын бақылауға қойылатын стандарт талаптарын біледі және түсінеді.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Білім алушы бөлшектердің өзара алмастырымдылығы, шақтамалар мен қондырулар туралы білімдерін қолдана алады, бөлшектердің өлшемдері мен ауытқуларын анықтау үшін өлшеу құралдарын пайдаланады, техникалық өлшеулерді орындайды және стандарт талаптарына сәйкес бұйымдардың сапасын бақылайды.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Білім алушы техникалық өлшеулердің нәтижелерін талдай алады, бөлшектер өлшемдерінің дәлдігін бағалайды, белгіленген нормалардан ауытқуларды анықтайды және бұйымдардың стандарттар мен техникалық құжаттама талаптарына сәйкестігі туралы негізделген қорытынды жасай алады.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Білім алушы өзара алмастырымдылық және техникалық өлшеулер саласындағы кәсіби терминологияны сауатты қолдана алады, өлшеу нәтижелерін анық жеткізеді, техникалық ақпаратпен алмасады, командада жұмыс істейді және өндірістік міндеттерді орындау барысында әріптестерімен өзара әрекеттеседі.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Білім алушы техникалық өлшеудің жаңа әдістерін өз бетінше меңгеруге, заманауи өлшеу құралдары мен сапаны бақылау технологияларын игеруге, техникалық құжаттамамен және стандарттармен жұмыс істеуге, сондай-ақ кәсіби білімдері мен практикалық дағдыларын жетілдіруге қабілетті.