Тасымалдау машиналары

Кумыкова Татьяна Михайловна

Оқытушының портфолиосы

Есеркегенова Бекзат Жамбылқызы

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: Пән көлікте қолданылатын техниканың әртүрлі түрлерін зерттейді. Оқу барысында студенттер әртүрлі көлік құралдарының жұмыс принциптері мен дизайнын, олардың негізгі параметрлері мен сипаттамаларын, сондай-ақ қауіпсіз пайдалану принциптерін үйренеді. Сондай-ақ, пән аясында көлік техникасы саласындағы заманауи үрдістер мен инновациялар зерттелуде.

Кредиттер саны: 5

Пререквизиты:

  • Инженерлік білім беруге кіріспе

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер 15
Практикалық жұмыстар 30
Зертханалық жұмыстар
СӨЖО 30
СӨЖ 75
курстық жоба
Қорытынды бақылау нысаны
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны

Компонент: Таңдау бойынша компонент

Цикл: Кәсіптік пәндер

Мақсат
  • Студенттердің пайдалы қазбаларды шұңқырлы немесе дайындау өндірулерінен оқпан албарының алаңшасына дейін тасымалдауға арналған машиналар мен механизмдер аумағында жүйелі ғылыми және кәсіптік білім алуын және машықтануын қалыптастыру.
Міндет
  • студенттерге тасымалдау машиналары және жабдықтары облысында теориялық негіз қалыптастыру; - қолданыстағы тасымалдау машиналары түрлерінің құрылымдары туралы және олардың техника-экономикалық сипаттамалары туралы білім алу; - машиналардың өнімділігін есептеуді білу және оларды таңдағанда осы технологиялық үдеріске және осы тау-кен техникалық жағдайына дәл келетінін дәлелдей білу; - кинематикалық сұлбаларды талдау және тасымалдау машиналарының ерекшеліктері бойынша, тау-кен жұмыстарын механикаландыруға арналған негізгі және қосымша жабдықтарды пайдалану бойынша машықтану.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Білу және түсіну: - тасымалдау машиналары саласында қағидалы негіздерді; - тасымалдау машиналарының бар үлгілерінің конструкцияларын және олардың техника-экономикалық мінездемелерін; - машинаның өнімділігін анықтау және оның айтылмыш технологиялық үдеріске және тау кен техникалық жағдайға сай таңдау және негіздеу; - тасымалдау машинасының кинематикалық сұлбасын және ерекшеліктерін, - тау-кен жұмысының механикаландыруға арналған негізгі және қосалқы жабдықты пайдалануды.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Тасымалдау машиналарының құрылымын және анықтамаларын түсіну, олардың ерекшеліктері және есептеу тәртібі туралы білімін таңдағанда және жобалағанда пайдалану.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Пайымдауларды қалыптастыру: білімді біріктіруге және күрделі мәселелерді шешуге және олардың білімі мен пайымдауларын пайдаланумен байланысты әлеуметтік және этикалық жауапкершілікті ескере отырып, Көлік машиналарының жаңа құрылымдарын қолдану немесе әзірлеу мәселелері бойынша толық емес немесе шектеулі ақпарат негізінде пікірлерді тұжырымдауға қабілетті.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Коммуникация: тасымалдау машиналарының бар үлгілерін пайдалану және жаңа конструкцияларын жасау мәселелері бойынша өзінің тұжырымдарын мамандарға және бұл саланың маманы емес адамдарға ашық және қайшылықсыз жеткізу және ол тұжырымдарды қалыптастыруға алған білімдерін және тәжірибесін пайдалану
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Білімнің дағдылары: Пайдалы қазбаларды өндіру саласында тасымалдау машиналарын пайдалана білу, тау-кен өндірісінің тиімді жұмысын қамтамасыз ету үшін жабдықтарды және машиналардың көрсеткіштерін таңдай білу.