Автомобильдерді басқарудың ақылды жүйелері

Муздыбаев Мурат Сеитович

Оқытушының портфолиосы

Байгереев Самат Ракимгалиевич

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: Пән автомобильдерде орнатылған интеллектуалды жүйелерді зерттейді. Интеллектуалды жүйелердің түрлері мен мақсаттары, олардың жұмыс істеу принциптері, дизайн ерекшеліктері және жүйелерді басқару интерфейсі қарастырылады. Студенттер интеллектуалды жүйелерді басқару әдістерін зерттейді, олардың функцияларын тексеру және олардың жұмысын бағалау дағдыларын меңгереді. Олар интеллектуалды жүйелердің функционалдығын кеңейту мүмкіндіктерін және олардың тиімділігін арттыру әдістерін зерттейді.

Кредиттер саны: 6

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер 30
Практикалық жұмыстар
Зертханалық жұмыстар 30
СӨЖО 30
СӨЖ 90
Қорытынды бақылау нысаны
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны

Компонент: Таңдау бойынша компонент

Цикл: Кәсіптік пәндер

Мақсат
  • Автокөліктердегі интеллектуалды жүйелердің дизайнын, принциптерін және алгоритмдерін зерттеу
Міндет
  • көліктердегі интеллектуалды жүйелердің түрлері мен функционалдығын зерттеу
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • көлік құралдарынын басқару ақылды жүйелерінің дизайны туралы білім және олардың функционалдығын түсіну
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • көлік құралдарынын басқару ақылды жүйелерінің функционалдығын пайдалану
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • интеллектуалды жүйелердің әлеуетті мүмкіндіктері туралы пікір қалыптастыру
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • автомобильдердегі интеллектуалды жүйелермен байланыс
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Ұқсас пәндерді оқу барысында дағдыларды алу