Математикалық физика теңдеулері
Сипаттама: Оқытылатын пәннің негізгі объектілері қолданбалы ғылымдарда кеңінен қолданылады: термодинамика, жылу және масса алмасу теориялары, әртүрлі физикалық процестерді математикалық сипаттау мен модельдеуде. Пәннің мазмұны математикалық модельдерді құрастыру арқылы нақты әлемнің әртүрлі құбылыстарын зерттеуге мүмкіндік беретін математикалық әдістерге бағытталған.
Кредиттер саны: 5
Пререквизиты:
- Математика 2
- Математика 2
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
| Жұмыс түрлері | сағат |
|---|---|
| Дәрістер | 15 |
| Практикалық жұмыстар | 30 |
| Зертханалық жұмыстар | |
| СӨЖО | 30 |
| СӨЖ | 75 |
| Қорытынды бақылау нысаны | емтихан |
| Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны | жазбаша экзамен |
Компонент: ЖОО компоненті
Цикл: Базалық пәндер
Мақсат
- Ең қарапайым физикалық процестердің математикалық модельдерін және математикалық физика теңдеулерін шешудің негізгі әдістерін зерттеу.
Міндет
- - Математикалық физика теңдеулерін шешудің негізгі әдістерін игеру
- гиперболалық, параболалық және эллиптикалық типтегі теңдеулерді шешу дағдыларын қалыптастыру
- -нақты есепті зерттеудің алынған математикалық нәтижелерін талдау және практикалық түсіндіру білігін дамыту;
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
- дербес туындылы теңдеулерді талдауда қолданылатын қолданыстағы математикалық ұғымдарды, әдістер мен модельдерді білу;
- Математикалық физика теңдеулерін шешудің аналитикалық әдістерін білуі керек
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
- Пәннің математикалық аппаратын қолдана отырып, механикалық, қолданбалы және физикалық сипаттағы есептерді шеше білу;
- логикалық және алгоритмдік ойлауды дамыту, механика, физика, жаратылыстану және техника есептерін зерттеу және шешу кезінде одан әрі жұмыста қажетті математикалық мәдениет және Математикалық интуиция дағдысын дамыту.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
- Зерттеу жолымен алынған нәтижелерге сүйене отырып, дербес туындылы теңдеулердің шешімдерін талдай білу,
- Ддифференциалдық теңдеулер үшін классикалық физика есептерін таңдап, оларды шешудің аналитикалық әдістерін қолдана білу.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
- Механиканың, физиканың, жаратылыстану және техниканың практикалық есептерін шешу барысында командада жұмыс істей білу, даулы сұрақтарда өз көзқарасын дұрыс білдіру және қорғау.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
- Инженерлік-өндірістік және ғылыми міндеттерді одан әрі шешуге көмектесетін пәннің әр түрлі салаларынан нақты міндеттерді шешу тәсілдері мен дағдыларын меңгеру арқылы кәсіби және тұлғалық өсуге ұмтылу