Ядролық физика және элементар бөлшектер физикасы
Сипаттама: Бұл курста атом ядроларының жалпы қасиеттері, ядроның заманауи модельдері, ядролық күштердің негізгі сипаттамалары қарастырылады. Радиоактивтілік құбылысының заңдары, альфа- және бета- ыдырау теориясы, ядролық және термоядролық реакциялар. Сондай-ақ, осы саладағы студенттердің білімін кеңейтуге көмектесетін бөлшектер физикасының негізгі қасиеттері мен жіктелуі келтірілген.
Кредиттер саны: 6
Пререквизиты:
- Физикалық оптика
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
| Жұмыс түрлері | сағат |
|---|---|
| Дәрістер | 30 |
| Практикалық жұмыстар | 30 |
| Зертханалық жұмыстар | |
| СӨЖО | 30 |
| СӨЖ | 90 |
| Қорытынды бақылау нысаны | емтихан |
| Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны | Емтихан |
Компонент: ЖОО компоненті
Цикл: Кәсіптік пәндер
Мақсат
- Пәнді оқытудың мақсаты студенттерге атом ядроларының негізгі қасиеттері; төмен, орта және жоғары энергиялар физикасындағы радиоактивтілік, ядролық реакциялар мен эксперименттер; нуклон-нуклонның өзара әрекеттесуі және ядролық күштердің қасиеттері; атом ядроларының модельдері; ядролық сәулеленудің затпен өзара әрекеттесуі; табиғаттағы іргелі өзара әрекеттесу; элементар бөлшектердің жіктелуі; қазіргі астрофизикалық көріністер туралы толық түсінік алу үшін студенттерді эксперименттік және теориялық ядролық физика негіздерімен таныстыру.
Міндет
- 1. студенттердің алған теориялық білімін практикалық физикалық және техникалық есептерді шығаруда қолдана білуге үйрету, студенттерге ядролық физиканың негізгі заңдары мен принциптерін және олардың математикалық өрнегін беру; 2 Студентті негізгі ядролық физика құбылыстары мен, оларды бақылау және зерттеу әдістерімен, эксперимент нәтижелерін өңдеуді ЭЕМ-ды қолдану әдістерімен таныстыру;
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
- Негізгі физикалық құбылыстар, олардың ерекшеліктері, бақылау және тәжірибе түріндегі зерттеудің тәсілдері; Атомның және элементар бөлшектердің қасиеттерін анықтаудың басты тәсілдері, негізгі заңдар мен олардың математикалық өрнектері; маңызды субатомдық құбылыстардың ғылыми-техникалық қолданылуы.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
- Бөлімнің негізгі міндеттерін физикалық шамалардың ретін бағалай білу; атом ядролары мен элементар бөлшектердің қасиеттері мен ядролық сәулелердің затпен әсерлесуі, кванттық ұғымдар мен релятивистік түсініктер бойынша сапалы түрде қолдану.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
- Қарапайым теориялық есептеулер; типтік есептерді шығару; Тәжірибелік жұмыстар мен алынған нәтижелерді талдау.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
- Топта жұмыс істеуде қажет байланыс қабілеттерін дамыту қажет.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
- 1. Бөлшектерді детектрлеу және наносекунды электроника саласында кәсіби білімін көрсете білу қабілеті. 2. Қазіргі заманғы ядролық физиканың әдістерін адам іскерлігінің басқа да салаларында пайдалануға дайын болу.