Физикалық зерттеу әдістерінің негіздері

Баятанова Ляйла Болаткановна

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: Бұл курста сапалы, құрылымдық және сандық деңгейде денелердің қасиеттерін анықтау үшін рентген-спектрлік, рентген-дифракциялық және электронды микроскопиялық зерттеу әдістерін қолдану мысалдары бар бірқатар классикалық физикалық зерттеу әдістерінің негіздері келтірілген.

Кредиттер саны: 5

Пререквизиты:

  • Молекулалық физика және термодинамика

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер 15
Практикалық жұмыстар
Зертханалық жұмыстар 30
СӨЖО 30
СӨЖ 75
Қорытынды бақылау нысаны емтихан
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны Емтихан

Компонент: ЖОО компоненті

Цикл: Кәсіптік пәндер

Мақсат
  • Органикалық, бейорганикалық және координациялық қосылыстарды сәйкестендіру және зерттеу кезінде қажетті физикалық зерттеу әдістері туралы негізгі мәліметтерді алу
Міндет
  • студенттерді физикалық зерттеу әдістерінің принциптік негіздерімен және практикалық мүмкіндіктерімен, олардың аппаратуралық жабдықталуымен және эксперимент жүргізу шарттарымен таныстыру; қандай да бір объектіні зерттеудің оңтайлы әдісін негізді таңдау үшін талдаудың әртүрлі әдістерінің мүмкіндіктерін, олардың артықшылықтары мен кемшіліктерін салыстырмалы бағалау дағдыларын қалыптастыру.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • 1. Курсты оқып болғаннан кейін магистрант металдар мен қорытпаларды зерттеу кезіндегі өлшеу әдістерін, электрлік қасиеттерін өлшеу әдістерін, физикалық зерттеу әдістерін білуі тиіс. 2. Әдістің сезімталдығы мен рұқсат ету қабілеті туралы, әдістің сипаттамалық уақыты туралы түсінікке ие болу.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Физикалық әдістерді жіктеудің негізгі принциптерін білу,спектралды, дифракциялық, электрлік және магниттік әдістердің жалпы сипаттамасын білу.Әдістің сезімталдығы мен рұқсат ету қабілеті туралы, әдістің сипаттамалық уақыты туралы түсінікке ие болу.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • органикалық, бейорганикалық және координациялық қосылыстарды сәйкестендіру және зерттеу кезінде қажетті физикалық зерттеу әдістері туралы пікірлерді қалыптастыру
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Зерделенетін техникалық объектілерге қойылатын негізгі тактикалық және техникалық-экономикалық талаптарды дұрыс тұжырымдай білу және оларды іске асырудың қолданыстағы ғылыми-техникалық құралдарын сауатты пайдалана білу
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Электр дипольді моментті анықтаудың эксперименталды және теориялық әдістерін, әдістің аппаратуралық жабдықталуын және эксперимент жүргізу шарттарын, электрондық спектроскопия, ЯМР және ЭПР спектроскопия техникасын және тәжірибелік қолдану.