Matlab пакетіндегі физикалық процестерді компьютерлік модельдеу
Сипаттама: Курс физикалық процестерді компьютерлік модельдеу негіздерін оқытуға арналған. Дәрістің әрбір тақырыбы теориялық материалды, физикалық процестердің компьютерлік модельдерін құруда қолданылатын математикалық әдістердің сипаттамасын, физиканың іргелі заңдарынан модельдерді құруды, Matlab бағдарламасында күрделі объектілерді компьютерлік модельдеуді, сонымен қатар өз бетінше шешуге арналған есептерді қамтиды.
Кредиттер саны: 6
Пререквизиты:
- Математика 1
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
| Жұмыс түрлері | сағат |
|---|---|
| Дәрістер | 30 |
| Практикалық жұмыстар | |
| Зертханалық жұмыстар | 30 |
| СӨЖО | 30 |
| СӨЖ | 90 |
| Қорытынды бақылау нысаны | емтихан |
| Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны |
Компонент: Таңдау бойынша компонент
Цикл: Базалық пәндер
Мақсат
- Түлектерді өндірістік және технологиялық үдерістер үшін математикалық және компьютерлік үлгілерді әзірлеуде жобалық қызметке дайындау;
Міндет
- Студенттер физикалық процестерді математикалық модельдеу негіздерін білуін терең дамыту; математикалық әдістер мен Matlab бағдарламасын пайдалана отырып, нақты проблемаларды және физикалық технологиясының проблемаларын шешу білуі.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
- - модельдеу саласындағы негізгі білім; - физикалық процестерді компьютерлік модельдеуді білу; - математикалық модельдеудің негізгі критерийлері және олардың көмегімен табиғи-физикалық табиғат объектілерінің математикалық модельдерін құру.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
- математикалық әдістер мен компьютерлік бағдарламалар көмегімен нақты есептерді шешуге және талдауға арналған математикалық модельдеу саласында қолданылады
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
- - зерттелетін процесс немесе құбылыс туралы түсініктерді қалыптастыру; - заманауи ғылыми көзқарасты қалыптастыру және олардың кәсіби қолданбалы дайындығын жетілдіру. - студенттердің ғылыми ойлауын дамыту.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
- - топта жұмыс істей білу, өз көзқарасын дұрыс қорғай білу, жаңа шешімдер ұсына білу; - өндірістік және технологиялық процестерге заманауи математикалық және компьютерлік модельдерді талдау және жобалау бойынша жобалық қызметке дайындық.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
- - ғылыми-техникалық есептерді математикалық модельдеу критерийлерін таңдай білу, процестерді математикалық теңдеулермен сипаттау; - процестің математикалық моделін сауатты құру, сандық әдістерді таңдау, оны дискретизациялау әдістерін таңдау және ДК көмегімен сандық есептеу алгоритмін құру дағдыларына ие болу; - компьютерлік модель құру, сандық модельдеу нәтижелерін талдау; - күнделікті кәсіби қызметке қажетті жаңа білімдерді алу және магистратурада үздіксіз білім алу; - кәсіби және жеке өсуге ұмтылу.