Басқару есебі 1
Сипаттама: Бұл пән болашақ мамандарда кәсіпорындарда (ұйымдарда) бухгалтерлік басқару есебін ұйымдастыру және әдістемесі бойынша теориялық білім мен тәжірибелік дағдыларды, басқарушылық шешімдерді қабылдау үшін есептік ақпаратты пайдалануды қалыптастырады. Оқу пәні басқару есебінің мынандай негізгі мәселелерін оқытуға бағытталған: шығындардың жіктелуі мен тәртібі; өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың дәстүрлі және заманауи әдістері; « шығындар- көлем- пайда» өзара байланысын талдау, жауапкершілік орталықтары бойынша есеп алу мен бақылау және басқару есебін дамытудың негізгі бағыттары.
Кредиттер саны: 5
Пререквизиты:
- Бухгалтерлік қаржылық есеп
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
| Жұмыс түрлері | сағат |
|---|---|
| Дәрістер | 15 |
| Практикалық жұмыстар | 30 |
| Зертханалық жұмыстар | |
| СӨЖО | 30 |
| СӨЖ | 75 |
| Қорытынды бақылау нысаны | емтихан |
| Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны |
Компонент: ЖОО компоненті
Цикл: Кәсіптік пәндер
Мақсат
- кәсіпорында бухгалтерлік басқару есебін ұйымдастыру, кәсіпорынды жедел басқару, жұмыс нәтижелерін бақылау және бағалау, оның дамуын жоспарлау және үйлестіру мақсатында ішкі пайдаланушыларға толық ақпаратты дайындау және ұсыну бойынша теориялық білімдер мен практикалық дағдыларды қалыптастыру.
Міндет
- басқару есебінің мазмұны, оның қағидаттары мен тағайындалуы туралы білімді қалыптастыру;
- ұйымдардың өндірістік қызметінің шығындары мен нәтижелерін есептеудің теориялық негіздерін меңгеру; калькуляция түрлері, пайда болу орындары және объектілері бойынша өндіріс пен өткізу шығындарын есепке алу
- шығындарды есепке алудың қазіргі заманғы әдістерін зерттеу (стандарт-кост, директ-костинг);
- басқару шешімдерін қабылдау үшін басқару есебінің ақпаратын пайдалану
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
- есеп жүйелері туралы, қаржылық және басқарушылық есептің өзара байланысы туралы; бухгалтерлік басқарушылық есептің қазіргі заманғы тұжырымдамалары туралы (стратегиялық, функционалдық, операциялық);
- шығындарды есепке алу және өзіндік құнды калькуляциялау әдістерін; кешенді өндіріс шығындарын бөлу әдістерін білу.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
- - кәсіпорында басқару есебін ұйымдастыру және жүргізу; - басқарушылық шешімдер қабылдау.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
- - шешім қабылдауға менеджерлер үшін басқарушылық есеп ақпаратын дайындауға; - ұйымның ішкі есебін жасау.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
- Кәсіптік қызметпен байланысты әр түрлі жағдайларда және ситуацияларда мобильділік және икемділік, кәсіптік ортаға тез үрену қабілеттілігі.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
- Күнделікті кәсіптік қызмет үшін қажетті жаңа арнайы білім алу дағдысын меңгере білу және магистратурада білімдерін жалғастыру. Жеке басының өсуіне және кәсіптік өсуіне тырысуы.