Қаржылық-банктік статистика

Кабдулшарипова Алия Мухтарабовна

Оқытушының портфолиосы

Варавин Евгений Владимирович

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: Қаржы-несие жүйесінің қызметі туралы ақпаратты жинау және өңдеумен, ақша айналымы саласындағы үрдістер мен заңдылықтарды зерттеу, қаржы нарығы саласындағы үрдістер мен заңдылықтарды зерттеумен айналысады, инфляция деңгейі, валюта бағамы, мемлекеттік бюджет тапшылығы, ақша айналымы сияқты маңызды құбылыстарды зерделейді және талдайды және осының негізінде елдің қаржы секторын дамыту туралы ғылыми негізделген қорытындылар жасайды

Кредиттер саны: 5

Пререквизиты:

  • Экономикалық теория

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер 15
Практикалық жұмыстар 30
Зертханалық жұмыстар
СӨЖО 30
СӨЖ 75
Қорытынды бақылау нысаны емтихан
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны

Компонент: Таңдау бойынша компонент

Цикл: Кәсіптік пәндер

Мақсат
  • статистикалық көрсеткіштердің көмегімен Қазақстанның ақша-несие және банк жүйесі құбылыстарының, үрдістерінің даму өлшемін, құрамын, серпінін, факторлары мен перспективаларын сандық жағынан зерттеу.
Міндет
  • студенттерді Қазақстанның ақша-несие және банк жүйесінің жалпылама статистикалық көрсеткіштерін есептеп, талдауға және олардың даму заңдылықтарын анықтауға үйрету
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • қаржы-банк статистикасында қолданылатын статистикалық көрсеткіштерді есептеу және талдау әдіснамасын білу және түсіну
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Қазақстанның ақша-несие және банк жүйесінің құбылыстарының, процесстерінің дамуының өлшемі, құрамы, динамикасы, факторлары және перспективалары статистикалық көрсеткіштер көмегімен есептеу және талдау жасай білу.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • қазіргі заманғы ақпараттық ағымдарда бағдар ала алады және әлемдік экономикадағы серпінді өзгеретін құбылыстар мен үрдістерге бейімделе алады.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Кәсіптік қызметпен байланысты әр түрлі жағдайларда және ситуацияларда мобильділік және икемділік, кәсіптік ортаға тез үрену қабілеттілігі.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Күнделікті кәсіптік қызмет үшін қажетті жаңа арнайы білім алу дағдысын меңгере білу және магистратурада білімдерін жалғастыру. Жеке басының өсуіне және кәсіптік өсуіне тырысуы.