Салалардағы қаржылық бухгалтерлік есеп

Козлова Марина Васильевна

Оқытушының портфолиосы

Варавин Евгений Владимирович

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: Салалардағы бухгалтерлік есептің ерекшеліктері экономиканың әрбір саласындағы есеп жүргізудің ерекшеліктері мкен айырмашылықтарын қарастырады. Әр салаға тән нұсқаулықтар негізінде есеп жүргізудің де көңіл бөлетін тұстары қарастырылады.

Кредиттер саны: 5

Пререквизиты:

  • Бухгалтерлік қаржылық есеп

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер 15
Практикалық жұмыстар 30
Зертханалық жұмыстар
СӨЖО 30
СӨЖ 75
Қорытынды бақылау нысаны емтихан
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны

Компонент: Таңдау бойынша компонент

Цикл: Кәсіптік пәндер

Мақсат
  • Студенттерге бухгалтерлік есептің экономиканың әр саласындағы ерекшеліктерін меңгертіп, құжаттық айырмашылықтарын оқыту
Міндет
  • Студенттерге экономиканың салаларындағы бухгалтерлік шоттар мен бухгалтерлік балансты меңгертіп, ұйымның мүлкі мен олардың қайнар көздерінің есебін жүргізуді үйрету
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • салалардағы негізгі бухгалтерлік есеп категорияларын білу
  • салалардағы бухгалтерлік есеп жүйені ұйымдастыру принциптерімен, құрлымымен, құрамымен танысу
  • салалардағы бухгалтерлік есеп функцияларын, кеңейтілген өндірісте олардың ролін білу
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Кәсіпорынның салалық айырмашылығына қарай бухгалтерлік есеп жүргізуді тәжірибеде қолдану, бухгалтерлік шоттарды жіктей алу, салаларда бухгалтерлік есепті ұйымдастыра алу
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Алған білімді экономика салаларында бухгалтерлік есебін ұйымдастыруды қолдана білу нәтижесінде кәсіпорынның мүлкі мен олардың қайнар көздерінің есебін дұрыс жүргізуді білу
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Салалық айырмашылығына қарай кәсіпорындарда бекітілген нысандар бойынша есептемелерді дайындау. Топта жұмыс істеуге қабілетті, өз ой топшылауын сауатты дәлелдей алады, жаңа шешімдер ұсынады, келісім таба алады, өз ойын коллектив ойымен салмақтайды
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Күнделікті кәсіби қызметке қажетті жаңа білімдер алу машығын алады және білімін магистратурада жалғастырады. Кәсіби және тұлғалық өсуге ұмтылады