Корпоративтік қаржы
Сипаттама: Корпоративтік қаржы және қаржы механизмінің мәні ашылатын теориялық курс болып табылады, қаржылық жоспарлау негіздері, қалыптастыру ерекшеліктері, негізгі және айналым капиталын ұдайы өндіру және басқару, ағымдағы және инвестициялық қызметті қаржыландыру көздері, қаржылық есептілік деректері бойынша корпорацияның қызметін қаржылық талдау негіздері
Кредиттер саны: 5
Пререквизиты:
- Қаржыға кіріспе
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
| Жұмыс түрлері | сағат |
|---|---|
| Дәрістер | 15 |
| Практикалық жұмыстар | 30 |
| Зертханалық жұмыстар | |
| СӨЖО | 30 |
| СӨЖ | 75 |
| Қорытынды бақылау нысаны | емтихан |
| Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны | Аралық аттестаттауды өткізу кезінде құзыреттердің құрамдас бөліктері үшін қорытынды бағаны шығару критерийлері: - білімі үшін интегралдық баға пәннің жұмыс бағдарламасында жоспарланған теориялық сауалнамалар, баяндамалар, тесттер және басқа да бақылау іс - шаралары нысанында ағымдағы және аралық бақылау нәтижелері бойынша студентке қойылады; - білігі үшін интегралдық баға ағымдағы және аралық бақылау нәтижелері бойынша студентке қойылады пәннің жұмыс бағдарламасында жоспарланған практикалық тапсырмаларды, бақылау жұмыстарын және басқа да бақылау іс-шараларын орындау нысанында; - ағымдағы және аралық бақылау нәтижелері бойынша студентке пәннің жұмыс бағдарламасында жоспарланған жеке тапсырмаларды орындау, басқа бақылау іс-шараларын қорғау нысанында иеленгені үшін интегралды баға қойылады |
Компонент: Таңдау бойынша компонент
Цикл: Базалық пәндер
Мақсат
- Білім алушылардың корпорациялардың қаржылық қатынастарының теориялық негіздері мен практикалық аспектілері туралы экономикалық білім кешенін алуы.
Міндет
- Корпорациялардың қаржыларын ұйымдастырудың теориялық және практикалық негіздерін және қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету және пайда алу мақсатында оларды тиімді басқаруды зерделеу.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
- Мемлекеттік қаржы жүйесіндегі корпоративтік қаржылардың мәні мен рөлі, кәсіпорында қаржы ұйымдастырудың қазіргі заманғы принциптері туралы түсінікке ие болу
- Корпорацияның қаржы ресурстарының негізгі көздерін, оларды орналастыру бағыттары мен тәртібін, қаржылық жай-күйін бағалау өлшемдерін, кірістерді, ақша қорлары мен капиталды қалыптастыру, бөлу және пайдалану тәртібін білу
- Дағдарыстық жағдайларда кәсіпорынды қаржылық жоспарлау және қаржылық басқару негіздерін білу.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
- Қаржылық шешімдерді қабылдау бойынша қаржы менеджерінің алдында тұрған нақты міндеттерді шешу кезінде теориялық білімді қолдана білу.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
- Кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалай білу, қаржылық жоспарлар мен болжамдарды құру
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
- Кәсіптік қызметпен байланысты әр түрлі жағдайларда және ситуацияларда мобильділік және икемділік, кәсіптік ортаға тез үрену қабілеттілігі.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
- Күнделікті кәсіптік қызмет үшін қажетті жаңа арнайы білім алу дағдысын меңгере білу және магистратурада білімдерін жалғастыру. Жеке басының өсуіне және кәсіптік өсуіне тырысуы.