Веб-дизайн, юзабилити және оны жылжыту
Сипаттама: Пән сандық интерфейстерді жобалау мен дамытудың тұтас жүйесі ретінде веб-дизайнның теориялық және практикалық негіздерін ашады: визуалды коммуникация және композиция қағидаттары, сайттардың типологиясы; Figma және Tilda құралдары; UX-жобалау, прототиптеу және пайдалануға қолайлылықты (юзабилити) тестілеу; UX-копирайтинг және Tone of Voice; адаптивті беттеу; ProtoPie және After Effects-тегі анимация; ақпараттық архитектура, паттерндер және iOS/Android гайдлайндары. Дизайнды, пайдалануға қолайлылықты және ілгерілетуді (маркетингті) бизнес-процестерге интеграциялауға ерекше назар аударылады: гипотезаларды тұжырымдау және воронкаларды құру, аналитика, іске қосуға дайындық және интерфейстерді өнімдік әрі коммерциялық мақсаттарға сәйкес оңтайландыру — конверсияны және пайдаланушы тәжірибесінің сапасын арттыру үшін.
Кредиттер саны: 5
Пререквизиты:
- Маркетинг негіздері
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
| Жұмыс түрлері | сағат |
|---|---|
| Дәрістер | 15 |
| Практикалық жұмыстар | 30 |
| Зертханалық жұмыстар | |
| СӨЖО | 30 |
| СӨЖ | 75 |
| Қорытынды бақылау нысаны | емтихан |
| Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны | Емтихан |
Компонент: Таңдау бойынша компонент
Цикл: Кәсіптік пәндер
Мақсат
- «Веб-дизайн, юзабилити және оны жылжыту» пәнінің мақсаты - студенттерде цифрлық интерфейстерді жобалау бойынша жүйелі білімдері мен практикалық дағдыларын қалыптастыру: визуалды коммуникация, Figma және Tilda құралдарымен жұмыс, UX-копирайтинг, прототиптеу, ақпараттық архитектура, iOS/Android паттерндері мен гайдлайндары, адаптивті беттеу, анимация, тестілеу, талдау, сондай-ақ шешімдерді маркетингтік мақсаттармен интеграциялау.
Міндет
- сформировать понимание базовых принципов веб-дизайна: типографика, композиция, работа с цветом и сеткой;
- освоить профессиональную работу в Figma: фреймы, стили, компоненты, Auto Layout, прототипирование и экспорт;
- разрабатывать дизайн для разных площадок: визуалы и элементы сайтов, лендингов;
- проектировать адаптивные макеты под десктоп, планшет и смартфон с корректным выбором breakpoints;
- проектировать удобные интерфейсы на основе поведенческих сценариев и принципов юзабилити;
- выполнять быстрые UX-проверки/тесты прототипов и вносить итеративные улучшения;
- выстраивать минимальную дизайн-систему (палитры, типографика, сетка, компоненты) для единообразия решений;
- Связывать дизайн с задачами продвижения: подбирать форматы, учитывать требования контента и базовые метрики эффективности.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
- Студенттер визуалды коммуникация, композиция, түс және типографика принциптері, сайт типологиясы, UX негіздері мен ақпараттық архитектура жөніндегі білімдерін көрсетеді, сондай-ақ бейімделгіш интерфейстерді жасау үшін Figma, Tilda, ProtoPie, Adobe After Effects мүмкіндіктерін және iOS пен Android нұсқаулықтарын түсінеді.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
- Студенттер алған білімдерін іс жүзінде қолданады: Figma-да прототиптер мен дизайн-тұжырымдамаларды әзірлейді; Tilda-да (Zero Block-ты қоса) сайттарды құрып, баптайды; бейімделгіш интерфейстерді жобалайды; ассеттерді дайындайды; элементтерді анимациялайды және негізгі аналитиканы орнатады.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
- Студенттер юзабилити-тестілеу нәтижелері мен аналитика деректеріне сүйеніп, жобалық шешімдерді негіздейді; UX-паттерндерді саналы түрде таңдайды, гипотезаларға басымдық береді және пайдаланушы тәжірибесі, техникалық шектеулер мен бизнес-мақсаттар арасындағы тепе-теңдікті табады.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
- Студенттер дизайн шешімдерін мүдделі тараптарға түсінікті түрде ұсынады; түсінікті жобалық құжаттама мен спецификацияларды әзірлейді; UI-киттерді қалыптастырады; сондай-ақ әртүрлі цифрлық арналар үшін брендтің дұрыс Tone of Voice-ына сай UX-мәтіндер жазады.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
- Студенттер кәсіби дамуын өз бетінше жоспарлайды; жаңа құралдарды және нұсқаулықтардың (гайдлайндардың) жаңартуларын меңгереді; A/B-тестілеулерін жүргізіп, нәтижелерін талдап, рефлексия жасайды; алынған жақсартуларды дизайн-жүйеге және жұмыс процестеріне енгізеді.