Микро-макроэкономика

Удовицкая Елена Юрьевна

Оқытушының портфолиосы

Кабдулшарипова Алия Мухтарабовна

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: Микроэкономика бұл ресурстардың шектелген жағдайында шешімдерді ұтымды қабылдау туралы ғылым, онда жекелеген экономикалық субъектілердің, атап айтқанда тұтынушылар мен фирмалардың мінез-құлқы зерттеледі. Макроэкономика жұмыссыздық, баға деңгейі, экономикалық циклдер, ұлттық кіріс, салық-бюджет және қаржы-несие саясаты сияқты агрегаттық көрсеткіштерді қарастырады.

Кредиттер саны: 5

Пререквизиты:

  • Экономикадағы математика

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер 15
Практикалық жұмыстар 30
Зертханалық жұмыстар
СӨЖО 30
СӨЖ 75
Қорытынды бақылау нысаны емтихан
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны

Компонент: ЖОО компоненті

Цикл: Базалық пәндер

Мақсат
  • Микроэкономика және макроэкономика саласында білімді қалыптастыру, экономикалық пәндердің әдістемелігімен танысу, экономикалық талдаудың теориялық аспектілерін меңгеру, графикалық талдау әдістерін меңгеру, практикалық пәндерді оқыту үшін база құру.
Міндет
  • кәсіпорынның, салалардың және нарықтардың негізгі категорияларын, даму заңдылықтарын зерттеу;
  • экономиканың кез келген саласында қолданылатын талдау әдістерін, тәсілдерін дербес қолдану үшін негізгі микроэкономикалық процестерді зерттеу әдіснамасын оқыту;
  • жалпы ішкі өнім, ұлттық табыс, өндіріс факторлары, тұтыну, жинақ, инвестиция, макроэкономикалық тепе-теңдік сияқты негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің әдіснамасын пайдалана отырып, қазіргі макроэкономикалық талдауды қабылдау дағдыларын меңгеру;
  • экономикалық-математикалық үлгілердегі аналитикалық айнымалылардың өзара байланысына сүйене отырып, нақты жағдайларды талдау дағдыларын қалыптастыру.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • микро және макро деңгейде қазіргі экономиканың қызмет ету заңдылықтарын жүйелі түсінуді көрсету;
  • микро және макроэкономика және қолданбалы экономикалық пәндердің негізгі түсініктері мен құралдарын меңгеру;
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • микро-макро деңгейде экономикалық құбылыстарды, үдерістер мен институттарды талдау әдістері тапсырмаларын шешу үшін қолдану;
  • леуметтік-экономикалық үдерістер мен құбылыстар туралы отандық және шетелдік статистиканың деректерін түсіндіру;
  • әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің өзгеру үрдісін анықтау;
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • экономикалық деректерді өңдеу үшін аспаптық құралдарды таңдауды жүзеге асыру;
  • жағдайларды сипаттау негізінде стандартты теориялық үлгілерді құру;
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • нарықтық экономика жағдайында тұтынушылар мен фирмалардың экономикалық мінез-құлқын оқыту процесінде коммуникативтік қабілеттерін пайдалану;
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • микроэкономикалық және макроэкономикалық міндеттерді дербес шешу үшін экономикалық ақпаратты өз бетінше іздеу дағдысы болу
  • кәсіби қатынас және мәдениетаралық дағдысы болуы тиіс