Статистика
Сипаттама: Статистика бұқаралық әлеуметтік-экономикалық құбылыстарды зерттейді, олардың даму заңдылықтарын, өзара байланысы мен өзара қарым-қатынасын анықтайды, бұл үшін статистикалық бақылау, статистикалық мәліметтер мен деректерді топтастыру, абсолюттік, салыстырмалы және орташа шамалар, іріктеп бақылау, динамика қатарлары мен индекстер зерттеледі.
Кредиттер саны: 5
Пререквизиты:
- Экономикадағы математика
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
| Жұмыс түрлері | сағат |
|---|---|
| Дәрістер | 15 |
| Практикалық жұмыстар | 30 |
| Зертханалық жұмыстар | |
| СӨЖО | 30 |
| СӨЖ | 75 |
| Қорытынды бақылау нысаны | емтихан |
| Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны |
Компонент: ЖОО компоненті
Цикл: Базалық пәндер
Мақсат
- Әлеуметтік-экономикалық құбылыстар мен процестердің үрдістері мен заңдылықтарын зерттеу үшін статистикалық ақпаратты жинаудың, өңдеудің, қорытудың және талдаудың қазіргі заманғы әдістері кешенін меңгерген мамандарды даярлау.
Міндет
- ел, өңір, қала, кәсіпорын және т. б. деңгейінде әлеуметтік-экономикалық дамуды сипаттайтын статистикалық көрсеткіштер жүйесін зерделеу.;
- маңызды әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерді есептеу әдістемесімен танысу;
- қоғамдық өмірдің құбылыстары мен процестерін зерттеу үшін статистикалық талдау әдістерін қолдану.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
- экономиканың түрлі салаларын зерттеу кезінде статистикалық талдаудың негізгі әдістерін жүйелі түсінуді көрсету;
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
- статистикалық әдістерді қолдану арқылы нақты экономикалық және басқару жағдайларын талд
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
- өзінің кәсіби ұсыныстары мен дағдылары негізінде алынған туынды статистикалық көрсеткіштерді түсінд
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
- коммуникативтік міндеттерді шешу үшін заманауи техникалық құралдар мен ақпараттық технологияларды қолдану;
- кәсіби қарым-қатынас және мәдениетаралық коммуникация дағдысының болуы;
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
- ел, өңір, қала, кәсіпорын және т. б. деңгейінде болып жатқан әлеуметтік-экономикалық үдерістерді сыни талдау, бағалау және синтездеу.