Кәсіпорын қызметін жоспарлау

Самусенко Елена Александровна

Оқытушының портфолиосы

Саменова Асем Жанахметовна

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: Пән білім алушыларда мынадай құзыреттерді қалыптастыруға мүмкіндік береді: жоспарлау әдістері мен нысандарын, Фирмаішілік жоспарлардың түрлері мен жүйелерін және олардың өзара іс-қимыл тетігін білу және түсіну, кәсіпорындағы жоспарлы жұмысты ұйымдастыруды түсіну, кәсіпорынның экономикалық даму жоспарларын, өнімді өндіру және өткізу жоспарларын, ресурстық қамтамасыз етуді, персонал мен жалақыны, өндіріс шығындарын, кірістер мен шығыстарды құрудың практикалық дағдылары жоспарлардың сапасын оңтайландыру және бағалау мүмкіндігі.

Кредиттер саны: 5

Пререквизиты:

  • Кәсіпорын экономикасы

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер 15
Практикалық жұмыстар 30
Зертханалық жұмыстар
СӨЖО 30
СӨЖ 75
Қорытынды бақылау нысаны емтихан
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны

Компонент: ЖОО компоненті

Цикл: Кәсіптік пәндер

Мақсат
  • Кәсіпорынды басқару жүйесінің негізгі ретіндегі өндірістік-қаржылық қызметті жоспарлау бойынша менеджменттің қызметін игеру
Міндет
  • Пәнді оқудың міндеттері: фирмаішілік жоспарлардың құрамы мен құрылымын; өндірістік қуатты және өндірістік бағдарламаны есептеу әдістерін; кәсіпорындағы персоналдар мен жалақыны жоспарлауды; өндіріс шығындарын, табыстар мен қаржылық нәтижелерді жоспарлауды оқу
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Жоспарлаудың міндеттерін, негізгі қағидаларын, әдістері мен нысандырын; жоспарлар түрлерін, жүйелерін және олардың өзара байланысын; жоспарларды тиімділеуді; кәсіпорындағы жоспарлы жұмысты ұйымдастыруды, өндіріс пен өнімді өткізуді жоспарлауды; кәсіпорын қызметін ресурспен қамтамасыз етуді жоспарлауды; кәсіпорындағы персоналдарды және еңбек ақыны жоспарлауды; өндіріс шығындарын, табыстар мен қаржылық нәтижелерді жоспарлауды білу және түсіну.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Кәсіпорынның экономикалық дамуының стратегиялық және қысқа мерзімдік жоспарларын құра білу, оларды тиімділей және сапасын бағалай алу.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Бар тұжырымдамаларды, үрдістер мен құбылыстарды талдау мен жоспарлаудың теориялары мен тәсілдемелерін, сынап талдай білу, жаңа таныс емес жағдайлардағы жоспарлық міндеттерді шешу үшін әртүрлі пәндер шегінде алған білімдерін біріктіру, білімдерін біріктіру жолымен толық емес немесе шектелген ақпараттар негізінде пайымдамалар жасау және шешім қабылдау. Кәсіпорындағы жоспарлаудың тиімді әдістерін, формалары мен жүйелерін таңдауды негіздеу. Креативті ойлай білу және жаңа мәселелер мен жағдайларды шешуге шығармашылық тәселмен келу.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Өз ойларын ауызша нысанда дұрыс және қисынды айтудың шешендік өнерінің дағдыларын іске асыра білу. Түрлі деңгейдегі білім беру мекемелерінде экономикалық пәндерді оқытуға дайын болу. Кәсіпорын қызметін жоспарлау үрдісінде командада жұмыс істей алу.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Маңызды жоспарлық көрсеткіштерді есептеу, өндірістік ресурстардың прогрессивті техника-экономикалық нормативтері мен шығын нормаларын қолдану, болжам құру, кәсіпорынның өндіпрістік бағдарламасын есептеу және өндірістік қуатын анықтау, еңбек, өзіндік құн және қаржылық нәтижелер бойынша көрсеткіштерді есептеу, қаржылық және операциялық бюджеттердің негізгі түрлерін әзірлеу.