Микро-макроэкономика
Сипаттама: Микроэкономика бұл ресурстардың шектелген жағдайында шешімдерді ұтымды қабылдау туралы ғылым, онда жекелеген экономикалық субъектілердің, атап айтқанда тұтынушылар мен фирмалардың мінез-құлқы зерттеледі. Макроэкономика жұмыссыздық, баға деңгейі, экономикалық циклдер, ұлттық кіріс, салық-бюджет және қаржы-несие саясаты сияқты агрегаттық көрсеткіштерді қарастырады.
Кредиттер саны: 5
Пререквизиты:
- Экономикалық теория
- Экономика негіздері. Мектеп курсы
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
| Жұмыс түрлері | сағат |
|---|---|
| Дәрістер | 15 |
| Практикалық жұмыстар | 30 |
| Зертханалық жұмыстар | |
| СӨЖО | 30 |
| СӨЖ | 75 |
| Қорытынды бақылау нысаны | емтихан |
| Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны |
Компонент: ЖОО компоненті
Цикл: Базалық пәндер
Мақсат
- Микроэкономика және макроэкономика саласында білімді қалыптастыру, экономикалық пәндердің әдістемелігімен танысу, экономикалық талдаудың теориялық аспектілерін меңгеру, графикалық талдау әдістерін меңгеру, практикалық пәндерді оқыту үшін база құру.
Міндет
- кәсіпорынның, салалардың және нарықтардың негізгі категорияларын, даму заңдылықтарын зерттеу;
- экономиканың кез келген саласында қолданылатын талдау әдістерін, тәсілдерін дербес қолдану үшін негізгі микроэкономикалық процестерді зерттеу әдіснамасын оқыту;
- жалпы ішкі өнім, ұлттық табыс, өндіріс факторлары, тұтыну, жинақ, инвестиция, макроэкономикалық тепе-теңдік сияқты негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің әдіснамасын пайдалана отырып, қазіргі макроэкономикалық талдауды қабылдау дағдыларын меңгеру;
- экономикалық-математикалық үлгілердегі аналитикалық айнымалылардың өзара байланысына сүйене отырып, нақты жағдайларды талдау дағдыларын қалыптастыру.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
- микро және макро деңгейде қазіргі экономиканың қызмет ету заңдылықтарын жүйелі түсінуді көрсету;
- микро және макроэкономика және қолданбалы экономикалық пәндердің негізгі түсініктері мен құралдарын меңгеру;
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
- микро-макро деңгейде экономикалық құбылыстарды, үдерістер мен институттарды талдау әдістері тапсырмаларын шешу үшін қолдану;
- леуметтік-экономикалық үдерістер мен құбылыстар туралы отандық және шетелдік статистиканың деректерін түсіндіру;
- әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің өзгеру үрдісін анықтау;
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
- экономикалық деректерді өңдеу үшін аспаптық құралдарды таңдауды жүзеге асыру;
- жағдайларды сипаттау негізінде стандартты теориялық үлгілерді құру;
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
- нарықтық экономика жағдайында тұтынушылар мен фирмалардың экономикалық мінез-құлқын оқыту процесінде коммуникативтік қабілеттерін пайдалану;
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
- микроэкономикалық және макроэкономикалық міндеттерді дербес шешу үшін экономикалық ақпаратты өз бетінше іздеу дағдысы болу
- кәсіби қатынас және мәдениетаралық дағдысы болуы тиіс