Кәсіпорын экономикасы

Сорокина Людмила Ивановна

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: Кәсіпорын экономикасын білу, мамандардың құзіреттілігінің негізі, олардың кәсіпорынның экономикалық даму бағытын анықтай білу. Бәсекелі нарықтық ортадағы кәсіпорындардың қызметін, шектеулі ресурстар жағдайында тиімді шешімдер қабылдау және дамыту үрдістері оқытылады. Білім алушылар негізгі және айналым қаражаттары, еңбек ресурстар, жалақы жүйесі, шығындар, қаржылық көрсеткіштер және инвестициялық бағалау туралы білімді меңгереді.

Кредиттер саны: 4

Пререквизиты:

  • Экономикалық теория
  • Макроэкономика

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер 15
Практикалық жұмыстар 30
Зертханалық жұмыстар
СӨЖО 30
СӨЖ 45
Қорытынды бақылау нысаны емтихан
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны

Компонент: ЖОО компоненті

Цикл: Базалық пәндер

Мақсат
  • Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорынды экономикалық басқару саласындағы қолданбалы білімді, сонымен қатар өндірістік тиімділікті арттыру мақсатында теориялық білімді тәжірибелік қызметті дербес пайдалану дағдыларын алу.
Міндет
  • Кәсіпорынның тиімділігін арттыру мақсатында резервтерді анықтау әдістерін, бизнес мәселелерін шешудің жақсы тәсілдерін білу; кəсіпорынның өндірістік-шаруашылық қызметінің тиімділігін есептеу үшін көрсеткіштер мен əдістер жүйесін қолдана білу, кəсіпорынның ресурстарын тиімді пайдалану, өндірісті дамытуға инвестицияларды негіздеу.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Кәсіпорынның өндірістік ресурстарын, өзіндік құнын қалыптастыру үрдісін, өндірісті дамытуға инвестицияларды бағалаудың халықаралық көрсеткіштер жүйесін білу.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Кәсіпорын қызметінің тиімділігін арттыру үшін оның ресурстарын ұтымды пайдалана білу, сонымен қатар инвестициялардың экономикалық тиімділігін есептеу.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Кәсіпорынның өндірістік қызметінің экономикалық категориялары туралы кәсіби білімі болуы керек.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Кәсіпорынның шаруашылық қызметі туралы ақпаратты қоғаммен байланыс үшін қолдану, өндіріс құралдарын басқаруда құзырлы болу.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Арнайы білімді әдістемелік және ғылыми негізде жетілдіру, кәсіби білімді жүйелі түрде жетілдіру.