Салық және салық салу

Ислям Гульнара Ислямовна

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: Пән студенттерге экономиканы мемлекеттік реттеудің тиімді әдісі, қазіргі кездегі салық салу жүйесінің теориялық және әдіснамалық негіздері, республикадағы салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің функциялары мен түрлері туралы білімдер кешенін қалыптастыруға, салықтардың негізгі түрлерін есептеу, салық есептерін толтыру бойынша практикалық дағдыларды алуға мүмкіндік береді.

Кредиттер саны: 5

Пререквизиты:

  • Қаржыға кіріспе

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер 15
Практикалық жұмыстар 30
Зертханалық жұмыстар
СӨЖО 30
СӨЖ 75
Қорытынды бақылау нысаны емтихан
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны Есептер шығару

Компонент: ЖОО компоненті

Цикл: Базалық пәндер

Мақсат
  • Білім алушыларда салық жүйесі мен мемлекеттің салық саясаты туралы жүйелі түсінік қалыптастыру, сондай-ақ салық міндеттемелерін есептеу және шаруашылық субъектілерінің салық жүктемесін талдау бойынша практикалық дағдыларды дамыту.
Міндет
  • Салық салудың теориялық негіздері мен салық жүйесін құру қағидаттарын меңгеру. Қазақстан Республикасының салық жүйесінің құрылымы мен қолданыстағы салық заңнамасын игеру. Негізгі салықтар мен бюджетке төленетін міндетті төлемдерді есептеу дағдыларын қалыптастыру. Салық жүктемесін талдау және кәсіпорынның салық саясатының тиімділігін бағалау дағдыларын дамыту. Салық заңнамасын практикалық қызметте қолдану қабілетін қалыптастыру. Салық салу саласында негізделген шешімдер қабылдау қабілетін дамыту. Салық заңнамасындағы өзгерістерді өз бетінше меңгеру дағдыларын дамыту.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Салық жүйесінің теориялық негіздерін, салық салу қағидаттарын, Қазақстан Республикасының салық жүйесінің құрылымын және салықтық қатынастарды реттейтін нормативтік-құқықтық базаны біледі және түсінеді.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Алынған білімдерін салық міндеттемелерін есептеуде, салық жүктемесін талдауда және шаруашылық субъектілерінде салық салудың оңтайлы әдістерін таңдауда қолданады.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Салық саясатының тиімділігін бағалайды және салық салуға әсер ететін экономикалық, құқықтық және әлеуметтік факторларды ескере отырып негізделген шешімдер қабылдайды.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Салықтық талдау нәтижелерін сауатты және дәлелді түрде жеткізе алады, мемлекеттік органдармен және бизнес құрылымдарымен кәсіби қарым-қатынас жүргізе алады.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Салық заңнамасындағы өзгерістерді өз бетінше меңгеру, заманауи ақпараттық ресурстарды пайдалану және үздіксіз кәсіби даму дағдыларына ие.