Өндірістік менеджмент

Рахимбердинова Мадина Умаргалиевна

Оқытушының портфолиосы

Казыкенов Аслан Жадыгерович

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: Пән өндірістік және операциялық басқарудың теориясы мен практикасының мазмұнын ашады. Пәнді оқу барысында білім алушы кәсіпорынның операциялық қызметін жоспарлауды және үйлестіруді үйренеді, корпоративтік стратегия құру дағдыларын меңгереді, өндірістегі бизнес-процестерді модельдеу әдістерін практикада қолдана алатын болады.

Кредиттер саны: 5

Пререквизиты:

  • Менеджмент негіздері

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер 15
Практикалық жұмыстар 30
Зертханалық жұмыстар
СӨЖО 30
СӨЖ 75
Қорытынды бақылау нысаны емтихан
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны

Компонент: ЖОО компоненті

Цикл: Базалық пәндер

Мақсат
  • Пәнді оқытудың мақсаты студенттердің кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық қызметін (ӨШҚ) басқарудың қағидаттары, әдістері мен тетіктері туралы білімді меңгеруі болып табылады.
Міндет
  • өндірістік менеджменттің практикалық дағдыларын меңгеру; жылжымайтын мүлікті бағалау әдістерін зерттеу және таңдау және негіздеу; инвестициялық жобаның тиімділігін есептеуді үйрену; бизнес-жоспарлау мәселелерін қарастыру;
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • ӨШҚ инвестициялық есептеу және талдау әдістерін қолдана отырып, өз бетінше жаңа білім мен дағдыларды игере білу
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Қазіргі заманғы экономиканы басқару талаптарына сәйкес келетін теориялық білім мен практикалық дағдыларға ие болу
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Кәсіпорындардың шаруашылық қызметін басқару үшін сандық және сапалық әдістерді пайдалану
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Шаруашылық жүргізуші субъектілер (тұтынушылар, бәсекелестер, сауда делдалдары және т. б.) туралы ақпарат жинай білу және оны коммерциялық мақсаттарда пайдалану
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Дағдысы болуы тиіс: * * ӨШҚтәуекелдерін талдау және кәсіпорынның банкроттық деңгейін бағалау; * * өндірістік бағдарламаны қаржыландыруға қажеттілікті есептеу;