Жобаларды басқару

Казыкешова Ақмарал Турсынбековна

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: Пәнді оқу барысында жобаларды басқару мәселелері мамандық бойынша басқа курстармен өзара байланыста, инновациялық жобаларға тартылатын инвестициялардың тиімділігін арттыру жолдары, бизнес-жоспарларды, Желілік кестелер мен стратегиялық жоспарларды әзірлеумен танысу қарастырылады.

Кредиттер саны: 5

Пререквизиты:

  • Менеджмент негіздері

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер 15
Практикалық жұмыстар 30
Зертханалық жұмыстар
СӨЖО 30
СӨЖ 75
Қорытынды бақылау нысаны емтихан
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны

Компонент: Таңдау бойынша компонент

Цикл: Кәсіптік пәндер

Мақсат
  • ұйымдық, экономикалық және басқарушылық факторларды ескере отырып, жобаларды әзірлеу, іске асыру және бағалау бойынша жүйелі көзқарасты қалыптастыру.
Міндет
  • Жобаларды басқарудың теориялық негіздерін меңгеру Жобаларды әзірлеу және негіздеу әдістерін игеру Жоба ресурстары мен бюджетін басқару дағдыларын қалыптастыру Жобалардың тиімділігін бақылау және бағалау қабілеттерін дамыту Басқарушылық шешімдер қабылдау бойынша тәжірибелік дағдыларды меңгеру
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Жобаларды басқарудың теориялық негіздерін, жобаларды әзірлеу және бағалау әдістерін, сондай-ақ оларды іске асыру қағидаларын білу және түсіну.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Ұйымның ішкі және сыртқы ортасын ескере отырып, жобаларды әзірлеу, талдау және іске асыруда білімді қолдану.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Жобалардың тиімділігін бағалау және баламалы нұсқаларды таңдау кезінде негізделген басқарушылық шешімдер қабылдау қабілеті.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Жобаға қатысушы тараптармен тиімді өзара әрекеттесу, шешімдер мен нәтижелерді дәлелді түрде ұсыну қабілеті.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Жобаларды басқарудың жаңа әдістері мен құралдарын өз бетінше меңгеру және оларды кәсіби қызметте қолдану қабілеті.