Компьютерлік қауіпсіздіктің теориялық негіздері
Сипаттама: Компьютерлік қауіпсіздіктің негізгі түсініктері мен модельдерін, компьютерлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету модельдерін, әдістері мен механизмдерін талдау және негіздеу негіздерін оқып үйренеді. Келесі сұрақтар қарастырылады: компьютерлік жүйелердегі қауіпсіздік қатері, компьютерлік жүйелердегі қауіпсіздік саясаты мен модельдері , компьютерлік жүйелердің қауіпсіздік модельдері.
Кредиттер саны: 6
Пререквизиты:
- Алгоритмдеу және программалау негіздері
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
| Жұмыс түрлері | сағат |
|---|---|
| Дәрістер | 30 |
| Практикалық жұмыстар | 30 |
| Зертханалық жұмыстар | |
| СӨЖО | 30 |
| СӨЖ | 90 |
| Қорытынды бақылау нысаны | емтихан |
| Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны |
Компонент: Таңдау бойынша компонент
Цикл: Кәсіптік пәндер
Мақсат
- Оқу пәнін меңгерудің мақсаты – студенттердің заманауи бағдарламалық және аппараттық құралдарды қолдана отырып, компьютерлік ақпаратты қорғау бойынша білімдері мен дағдыларын қалыптастыру.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
- деректерді компьютерлік өңдеудің негіздері, есептеу жүйелері мен компьютерлік желілердің құрылымдық ұйымдастырылу қағидаттары;
- ақпараттың техникалық арналар арқылы шығып кетуінің негізгі қауіптері мен сипаттамалары;
- ақпаратты инженерлік-техникалық қорғау бойынша негізгі басшылық және нормативтік құжаттар.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
- ақпаратты инженерлік-техникалық қорғаудың ең тиімді әдістері мен құралдарын қолдану;
- қорғалатын нысандар мен ақпараттық қауіпсіздікке төнетін қауіп-қатерлерді модельдеу.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
- қорғалатын нысандардың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін құрылымды, ұйымдастыру қағидаттарын, құралдар мен технологиялар кешенін таңдауды дәлелдей білу.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
- ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің заманауи әдістерін қолдану, қорғалатын нысандарға жаңадан енгізілетін және қолданыстағы отандық және халықаралық стандарттарды енгізу, ақпараттық қауіпсіздік қатерлерін талдау және оларға қарсы іс-қимыл әдістерін әзірлеу дағдыларын меңгеру.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
- ақпаратты техникалық қорғаудың негізгі әдістері мен құралдарын қолдану дағдыларын меңгеру.