Ақпараттарды қорғаудың криптографиялық әдістері

Тезекпаева Шынар Толегеновна

Оқытушының портфолиосы

Бакланова Ольга Евгеньевна

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: Бұл пән криптографияның негізгі ережелерін қамтиды, шифрлардың кең таралған типтерімен: симметриялы (блокты және ағынды шифрлар, шифрлау режимдері, криптографиялық генераторлар) және асимметриялы криптожүйелермен (кілттерді ашық тарату, Диффи-Хеллман ХАТТАМАСЫ, ашық шифрлау схемалары), криптографиялық хэш-функциялармен, ақпараттың тұтастығының ұғымдарымен, криптографиялық хаттамалармен, электрондық қолтаңбамен таныстырады. Шифрлеу және дешифрлеу алгоритмдерін жүзеге асыру сұрақтары қарастырылады.

Кредиттер саны: 6

Пререквизиты:

  • Компьютерлік қауіпсіздіктің теориялық негіздері

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер 30
Практикалық жұмыстар 30
Зертханалық жұмыстар
СӨЖО 30
СӨЖ 90
Қорытынды бақылау нысаны емтихан
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны

Компонент: Таңдау бойынша компонент

Цикл: Кәсіптік пәндер

Мақсат
  • білім алушыларды криптографияның математикалық негіздерімен таныстыру болып табылады. Сабақ барысында тарихи және заманауи криптожүйелер, әсіресе олардың криптоанализі мен оның негізінде жатқан математикалық құралдар қарастырылады.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • криптографияның ақпараттық қауіпсіздік міндеттеріндегі және қорғалған ақпараттық жүйелерді құрудағы орны.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • жүйелік, қолданбалы және арнайы мақсаттағы бағдарламалық құралдарды қолдана білу қабілеті.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • ақпаратты қорғау жүйесіне қойылатын ақпараттық қауіпсіздік талаптарын ескере отырып, тәжірибелік-зерттеу жұмыстарын жүргізуге қатыса білу қабілеті.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • ақпараттық қауіпсіздік бойынша іс-шаралар кешенін ұйымдастыра және оның орындалуын қамтамасыз ете білу, сондай-ақ оларды жүзеге асыру процесін қорғалатын нысанның ұйымдастырушылық құрылымын, шешілетін міндеттерді, сыртқы әсерлерді, ықтимал қауіп-қатерлерді және ақпаратты қорғау технологияларының даму деңгейін ескере отырып басқару қабілеті.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • ақпаратты қорғау жұмыстарын ұйымдастыру кезінде криптографиялық әдістерді қолдану. Байланыс арналарының физикалық қасиеттеріне негізделген заманауи криптографиялық тәсілдерді іске асыру.