Математикалық модельдеудің заманауи әдістері

Тезекпаева Шынар Толегеновна

Оқытушының портфолиосы

Бакланова Ольга Евгеньевна

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: Бұл курста есептердің кең классы үшін математикалық модельдерді құру принциптері, оларды жүзеге асыру әдістері оқытылады. Курста айтылған білім мен білік жиынтығы қазіргі заманғы математикалық модельдермен және олардың сандық шешу әдістерімен жұмыс істеу үшін теориялық негізді құрайды. Курс деректерді беру модельдерін сандық іске асыру кезінде қажетті теориялық және практикалық мәліметтерден тұрады.

Кредиттер саны: 6

Пререквизиты:

  • Оңтайландыру және сандық әдістер

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер 30
Практикалық жұмыстар 30
Зертханалық жұмыстар
СӨЖО 30
СӨЖ 90
Қорытынды бақылау нысаны емтихан
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны

Компонент: Таңдау бойынша компонент

Цикл: Кәсіптік пәндер

Мақсат
  • Пәннің мақсаты – сұйықтықтар мен газдар механикасы, жылу алмасу процестері есептерін шешудің қазіргі заманғы математикалық модельдеу әдістері мен сандық әдістері туралы түсінік беру.
Міндет
  • әлеуметтік-экономикалық үдерістерді, климаттық өзгерістерді, экологиялық мәселелерді модельдеу, сондай-ақ мәліметтерді математикалық талдау және жұқпалы ауруларды модельдеу салаларындағы математикалық модельдеу әдістерімен студенттерді таныстыру
  • сұйықтықтар мен газдар механикасы есептерін шешудің заманауи әдістеріне үйрету;
  • сұйықтық динамикасы есептерін шешу үшін заманауи сандық әдістерді қолдануға үйрету және олармен таныстыру;
  • сандық модельдеу нәтижелерін кейінгі өңдеу (постөңдеу) тапсырмаларын орындауға үйрету.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Негізгі ұғымдарды, идеяларды, іргелі математика, информатика және математикалық модельдеу пәндеріне қатысты әдістерді түсіну.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Қарапайым қолданбалы есептерде математикалық модельдер құру үшін іргелі математиканың әдістерін жүйелеу, алгоритмдер құрудың негізгі кезеңдерін сипаттау.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Құрылған математикалық модель мен таңдалған алгоритмді көпшілік алдында ұсыну, түсіндіру және қорғау; оқу және ғылыми материалды түсіндіру; математикалық модель мен алгоритмдерді ұсыну барысында орынды пікірталас жүргізу.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Бастапқы шарттар берілген жағдайда алгоритм құрудың оңтайлы әдісін таңдау үшін жаңа идеялар мен шешімдерді іздеу, әрекеттерді орындау алгоритмін тексеру.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Математикалық модельдеу әдістемесін, математикалық ақпарат көздерін жинау және олармен жұмыс істеу дағдыларын, алгоритмдер құрудың теориялық негіздерін меңгеру.