Басқарылатын жүйелерді оңтайландырудың бағдарламалық құралдары
Сипаттама: Курс ақпараттық процестер мен жүйелерді моделдеу және сипаттау модельдері туралы түсінік береді. Курс соңында Магистрант ақпараттық-есептеу жүйелерін математикалық және компьютерлік моделдеудің теориялық негіздерін меңгереді, бұл ғылыми және кәсіби зерттеулерде өңдеудің, талдаудың және синтездеудің математикалық әдістерін қолдануға мүмкіндік береді.
Кредиттер саны: 5
Пререквизиты:
- Білім беру мен ғылымдағы заманауи ЖИ технологиялары
- Заманауи орталар және бағдарламалау тілдері
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
| Жұмыс түрлері | сағат |
|---|---|
| Дәрістер | 15 |
| Практикалық жұмыстар | |
| Зертханалық жұмыстар | 30 |
| СӨЖО | 30 |
| СӨЖ | 75 |
| Қорытынды бақылау нысаны | емтихан |
| Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны |
Компонент: Таңдау бойынша компонент
Цикл: Базалық пәндер
Мақсат
- Магистранттарда ғылыми танымның заманауи әдістері туралы жалпылама түсінік қалыптастыру, сондай-ақ оларды оңтайландыру үшін бағдарламалық құралдарды пайдалана отырып, ақпараттық процестер мен жүйелерді талдау және модельдеу әдістерін практикада пайдалану дағдыларын игеру және тұжырымдау.
Міндет
- Ғылыми таным әдістерін, ақпараттық процестерді, жүйелерді, технологияларды жүйелік талдау әдістерін, ақпараттық процестерді модельдеу әдістерін зерттеу және басқарылатын жүйелерді оңтайландырудың бағдарламалық құралдарын енгізу.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
- Ғылыми танымның әдіснамасы мен әдістерінің мәнін, Ақпараттық жүйелерді талдау және синтездеу әдістерін, жүйелердің формальды модельдерін, құрылымдық талдау құралдарын, құрылымдық жүйелік талдау және жобалау әдіснамасын, ақпараттық жүйелердің пәндік салаларының модельдерін, нақты және виртуалды әлемдердің дискретті объектілері мен құбылыстарының модельдерін, ақпараттық процестердің математикалық модельдерін білу және түсіну.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
- Кәсіби қызмет объектілерінің теориялық және эксперименттік модельдерін әзірлеу мен зерттеуді жүргізе білу.
- Ақпараттық жүйелер мен технологиялардың жұмыс істеу процестерінің сапасын талдау, синтездеу, оңтайландыру және болжау әдістемелерін әзірлеу және зерттеуді жүргізу білігі.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
- Сұрақтарды дұрыс тұжырымдау және басқарылатын жүйелерді оңтайландырудың бағдарламалық құралдарымен байланысты тақырыптар бойынша кәсіби диалогтар құру.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
- Зерттеу және жобалау жұмыстарын ұйымдастыруда, ұжымды басқаруда біліктер мен дағдыларды практикада пайдалану
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
- Зерттеудің жаңа әдістерін өз бетінше оқыту, өзінің кәсіби қызметінің ғылыми және ғылыми-өндірістік бейінін өзгерту қабілеті.