Геодезия мен картографиядағы геоақпараттық жүйелер
Сипаттама: Пән геокеңістіктік деректермен жұмыс істеудің заманауи әдістерін меңгеруге, ГАЖ технологиялары негізінде ғылыми зерттеу, талдау және жобалау жұмыстарын жүргізу дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Курс барысында QGIS, ArcGIS Pro, Global Mapper, ERDAS Imagine, Google Earth Pro сияқты бағдарламаларда кеңістіктік ақпаратты жинау, өңдеу және визуализациялау тәсілдері қарастырылады. Сондай-ақ GNSS спутниктік навигациясы, қашықтықтан зондтау деректерін интеграциялау және геодезиялық жобаларды цифрландыру мәселелері қамтылады. Пәннің мазмұны геоақпараттық жүйелердің құрылымы мен компоненттерін, кеңістіктік деректер модельдерін, геоөңдеу және геоаналитикалық әдістерді, сондай-ақ Big Data мен жасанды интеллект элементтерін қолдану бағыттарын қамтиды.
Кредиттер саны: 5
Пререквизиты:
- Сандық картографиялау
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
| Жұмыс түрлері | сағат |
|---|---|
| Дәрістер | 15 |
| Практикалық жұмыстар | 30 |
| Зертханалық жұмыстар | |
| СӨЖО | 30 |
| СӨЖ | 75 |
| Қорытынды бақылау нысаны | емтихан |
| Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны | Емтихан |
Компонент: ЖОО компоненті
Цикл: Базалық пәндер
Мақсат
- Пәннің мақсаты – геоақпараттық жүйелер мен технологияларды геодезиялық және картографиялық зерттеулерде, инженерлік жобалауда және табиғи ресурстарды басқаруда кәсіби деңгейде қолдану үшін терең теориялық білім мен тәжірибелік дағдыларды қалыптастыру. Магистранттар ГАЖ ортасында кеңістіктік деректерді жинау, өңдеу, талдау және визуализациялаудың қазіргі әдістерін меңгеріп, оларды ғылыми зерттеу мен инновациялық жобаларда тиімді пайдалану жолдарын үйренеді.
Міндет
- Геоақпараттық жүйелердің құрылымы, компоненттері және жұмыс принциптері туралы терең теориялық білім қалыптастыру;
- QGIS, ArcGIS Pro және басқа кәсіби бағдарламалық құралдарда кеңістіктік деректермен жұмыс істеу дағдыларын дамыту;
- Қашықтықтан зондтау (Remote Sensing) деректерін өңдеу және геокеңістіктік талдау әдістерін меңгеру;
- GNSS навигациясы мен геодезиялық өлшеу нәтижелерін ГАЖ ортасында интеграциялау жолдарын игеру;
- Кеңістіктік деректер базасын (ГеоДБ) жобалау, жүргізу және визуализациялау әдістерін үйрену;
- ГАЖ технологияларын ғылыми зерттеулер мен инновациялық жобаларда қолдану қабілетін арттыру;
- Big Data және жасанды интеллект элементтерін геоақпараттық талдауда қолдану дағдыларын қалыптастыру;
- Геоақпараттық технологиялар арқылы табиғи және антропогендік үдерістерді модельдеу мен мониторинг жүргізу.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
- Геоинформациялық жүйелердің (ГАЖ) мәнін, құрылымын және негізгі элементтерін білу;
- Геодезия мен картография салаларында ГАЖ технологияларын қолданудың ғылыми және практикалық негіздерін түсіну;
- Кеңістіктік деректердің түрлерін, олардың моделдері мен форматтарын білу;
- Геоақпараттық деректер базасының архитектурасын, құрылымын және басқару принциптерін түсіну;
- ГАЖ жүйелерінде қолданылатын талдау және визуализация әдістерінің теориялық негіздерін білу және түсіну;
- Геоинформациялық технологиялардың геодезиялық есептерді шешудегі рөлін және мүмкіндіктерін түсіну.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
- Геоинформациялық жүйелерді (ГАЖ) пайдаланып геодезиялық және картографиялық деректерді өңдеу мен талдау дағдыларын қолдану;
- Кеңістіктік деректер базасын құру, жаңарту және басқару үшін ГИС бағдарламаларын қолдану;
- Геодезиялық өлшеулердің нәтижелерін ГИС ортасында интеграциялау және визуализациялау;
- Геоақпараттық жобаларды жасау және іске асыруда теориялық білімін тәжірибеде қолдану;
- Кеңістіктік талдау нәтижелерін шешім қабылдау және ғылыми зерттеулерде пайдалану;
- ГАЖ технологияларын инженерлік, зерттеу және өндірістік міндеттерді шешуде қолдану.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
- Геодезиялық және аэроғарыштық ақпаратты өңдеу, талдау және синтездеу қабілетіне ие болу;
- Кеңістіктік деректер негізінде ғылыми зерттеулер мен өндірістік міндеттерге арналған шешімдерді негіздеу және бағалау;
- Геоақпараттық және картографиялық жобаларда аналитикалық ойлау мен сын тұрғысынан пайымдау дағдыларын қолдану;
- Геодезиялық және геоақпараттық деректердің сапасы мен дәлдігін бағалау және интерпретациялау қабілетін дамыту.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
- Геоинформациялық жүйелер саласындағы ғылыми және кәсіби мәселелер бойынша пікір алмасу және ғылыми талқылауға қатысу қабілетін дамыту;
- Ғылыми зерттеу нәтижелерін ауызша және жазбаша түрде тиімді жеткізе білу;
- Көпсалалы кәсіби және ғылыми ортада тиімді коммуникация орната білу;
- ГИС және геодезия саласындағы ұжымдық және жобалық жұмыстарда командалық өзара әрекеттесуді жүзеге асыру;
- Геоақпараттық жобаларды жариялау, баяндау және қорғау кезінде кәсіби тіл мен терминологияны дұрыс пайдалану.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
- Алынған білім мен дағдыларды жаңа геоинформациялық технологияларды өздігінен меңгеру, кәсіби құзыреттерді жетілдіру және ғылыми зерттеу жүргізу үшін қолдана алу;
- Геоинформациялық жүйелер мен туыстас ғылымдар саласында өздігінен білім алу және кәсіби даму дағдыларын қалыптастыру;
- ГИС технологияларының заманауи бағыттарын талдау және оларды ғылыми-зерттеу мен өндірістік қызметте қолдану;
- Геодезия мен картография саласында инновациялық үрдістерге сай біліктілікті арттыру және білімді жаңарту қабілетіне ие болу;
- Жаңа әдістер мен технологияларды сын тұрғысынан бағалау және қолдану қабілетін дамыту.