Қашықтықтан зондтау нәтижелерін өндеу және жинау автоматтандыру жүйелер

Рахымбердина Маржан Есенбековна

Оқытушының портфолиосы

Апшикур Байтак

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: Курс Жерді қашықтықтан зондтау деректерін алу, өңдеу, кеңістіктік талдау және интерпретациялау тәсілдерін зерттеуге, геодеректерді визуализациялауға, ЖҚЗ деректерін тиімді сақтау, өңдеу және тарату үшін бұлтты есептеулерді енгізуге бағытталған.

Кредиттер саны: 6

Пререквизиты:

  • Геодезия мен картографиядағы геоақпараттық жүйелер

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер 30
Практикалық жұмыстар 30
Зертханалық жұмыстар
СӨЖО 30
СӨЖ 90
Қорытынды бақылау нысаны емтихан
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны Емтхан

Компонент: ЖОО компоненті

Цикл: Кәсіптік пәндер

Мақсат
  • Кашықтықтан зондтаудың принциптерін таныстырады — ақпаратты алыстан жинау, өңдеу және талдау, электромагниттік энергия, датчиктер, кескіндер мен талдауды түсіндіреді және қоршаған орта мен жер ғылымдарында қолдануды көрсетеді, қашықтықтан зондтаудың технологиясы мен қолданылуын үйренуге негіз қалыптастырады.
Міндет
  • Жер туралы ақпаратты тікелей байланыссыз алу ғылымы ретінде қашықтан зондтау ұғымын таныстыру.
  • Электромагниттік сәулелену және оның атмосферамен және Жер бетімен өзара әрекеттесуін қоса алғанда, қашықтан зондтаудың негізгі принциптерін түсіндіру.
  • Жерүсті, әуе және спутниктік деңгейлерде қолданылатын қашықтан зондтау датчиктері, платформалары мен жүйелерін сипаттау.
  • Қашықтан зондтау деректерінің кеңістіктік, спектралдық, радиометриялық және уақыттық айырымдылық сипаттамаларын таныстыру.
  • Пайдалы ақпарат алу үшін бейнелерді визуалды және сандық интерпретациялау мен талдау әдістерін түсіндіру.
  • Қашықтан зондтаудың қоршаған ортаны мониторингілеу және табиғи ресурстарды басқарудағы практикалық қолданылуын көрсету.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Қашықтықтан зондтау деректерін автоматтандырылған жинау, өңдеу, талдау және интерпретациялау қағидаттарын; спутниктік және аэрофототүсірілім деректерін өңдеудің, спектрлік талдаудың, кескіндерді жіктеудің және заманауи геоақпараттық және фотограмметриялық технологияларды пайдалана отырып, Жер бетінің өзгерістерін бағалаудың негізгі әдістерін білу және түсіну.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Спутниктік және аэрофототүсірілім деректерін өңдеу және талдау үшін заманауи геоақпараттық және фотограмметриялық технологияларды қолдану; табиғи ресурстарды, жер пайдалануды, табиғи және техногендік үдерістерді және аумақтық өзгерістерді картографиялау мен мониторингтеу үшін қашықтықтан зондтау деректерін пайдалану.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • ғылыми зерттеулер негізінде аумақтарды қашықтықтан зондтауға байланысты топографиялық-геодезиялық жұмыстар мен жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі нормативтік-техникалық құжаттарды әзірлеуге дайындық; эксперименттерді ұйымдастыру және жүргізу, қол жеткізілген нәтижелерді өңдеу, қорыту, талдау және ресімдеу қабілеті
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Қашықтықтан зондтау деректерін өңдеу және талдау нәтижелерін ұсыну, негіздеу және талқылау, ғылыми-зерттеу және қолданбалы міндеттерді шешу барысында мамандармен өзара әрекеттесу, сондай-ақ әзірленген техникалық шешімдер мен жобаларды енгізуге қатысу қабілеті.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Ғылыми-зерттеу және өндірістік-технологиялық міндеттерді шешу үшін қашықтықтан зондтау деректерін өңдеудің, геоақпараттық, фотограмметриялық және көпөлшемді цифрлық кеңістіктік модельдеудің заманауи технологияларын өз бетінше меңгеру және қолдану қабілеті.