Табиғи және антропогендік кенорындарының геологиялық құрылысы
Сипаттама: Пән өзіне генетикалық типтер жайлы ортақ мағлұматтарды, генезисін және техногенді үйінділердің кеңістіктегі жағдайы. Кен орындарының құрылымын зерттеудің дәстүрлі әдістері GIS, қашықтықтан зондтау (ҚЗ) және машиналық оқыту құралдарымен толықтырылады, бұл кен денелері мен техногендік жинақтардың кеңістіктік құрылымын талдауға мүмкіндік береді. Пән аясында көпөлшемді деректер негізінде жасырын зоналылықты және элементтердің таралу заңдылықтарын анықтау әдістері қарастырылады.
Кредиттер саны: 6
Пререквизиты:
- Геология ПҚК
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
| Жұмыс түрлері | сағат |
|---|---|
| Дәрістер | 30 |
| Практикалық жұмыстар | 30 |
| Зертханалық жұмыстар | |
| СӨЖО | 30 |
| СӨЖ | 90 |
| Қорытынды бақылау нысаны | емтихан |
| Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны |
Компонент: ЖОО компоненті
Цикл: Кәсіптік пәндер
Мақсат
- Пәнді оқытудың мақсаты – Пәнді оқытудың мақсаты – білім алушыларда табиғи және антропогендік пайдалы қазбалар кен орындарының геологиялық құрылысы, олардың қалыптасу және кеңістікте таралу заңдылықтары туралы заманауи білім қалыптастыру, сондай-ақ кен денелерін, техногендік минералдық жинақтарды талдау және олардың ресурстық әлеуетін бағалау үшін геологиялық, геоақпараттық, қашықтықтан зондтау және цифрлық технологияларды қолдану дағдыларын дамыту.
Міндет
- Генетикалық типтер жайлы ортақ мағлұматтарды, жасын, генезисін және техногенді үйінділердің кеңістіктегі жағдайы жайлы ортақ мағлұмат алу.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
- Техногенді кенорындар геологиясы, классификациясы, құрылу жағдайы және қолданылу жолдары мен қайталанбалы өңдеулері бойынша білім алудың негізгі түсініктері.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
- ТК мониторингі бойынша бірінші ақпараттарды жинақтау және өңдеу дағдыларының болуы; қалдық қоймаларын, алтын үйінділерін, ашылған үйінділердің жыныстарын екіншілік өңдеу мәселелерінің маңыздылығын түсіну.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
- ТК геологиясы бойынша алынған материалдар негізінде қорытынды жасай білу.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
- Техногенді шикізатты өңдеу бойынша жобаларды әзіірлеу кезінде ұйымдық жұмыстарға дағдының болуы
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
- Қазіргі заманғы ақпараттық ағын(жариялынылым, интерне, қордық материалдар) негізі бойынша ылғида өзінің білімін жетілдіру.