Минералдық шикізатты байытуға зерттеу
Сипаттама: Технологиялық регламент, пайдалы қазбаларды байыту сұлбаларының құрылысы мен жалпы құрылымы, технологиялық сынамаларды алу және дайындау, кеннің бітімін, құрылымын және гранулометриялық құрамын зерттеу туралы мәліметтерді қамтиды. Бөлшектердің бөлу қасиеттерін өлшеу және есептеу, кендердің фракциялық сипаттамаларын және аппараттар мен процестердің бөлу сипаттамаларын анықтау әдістері келтірілген. Кеннің элементтік және минералды құрамын талдау, сондай-ақ кеннің физикалық сипаттамаларын өлшеу мәселелері қамтылған. Байыту сұлбаларының нұсқаларын құру және салыстыру және оларды сынау негіздері берілген.
Кредиттер саны: 6
Пререквизиты:
- Химия
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
| Жұмыс түрлері | сағат |
|---|---|
| Дәрістер | 30 |
| Практикалық жұмыстар | 30 |
| Зертханалық жұмыстар | |
| СӨЖО | 30 |
| СӨЖ | 90 |
| Қорытынды бақылау нысаны | емтихан |
| Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны | 1. Ауызша емтихан |
Компонент: ЖОО компоненті
Цикл: Кәсіптік пәндер
Мақсат
- Кен орындарын өнеркәсіптік игеру кезеңдері туралы; кеннің элементтік және минералогиялық құрамын, минералды бөлшектердің қасиеттерін, өнімдердің фракциялық сипаттамаларын, аспаптар мен сұлбалардың технологиялық сипаттамаларын зерттеу әдістері туралы; пайдалы қазбаларды байытылғыштыққа зерттеу кезеңдері туралы білімді қалыптастыру және бекіту
Міндет
- Тәжірибеде қолданылатын кен құрамын, минералды бөлшектердің қасиеттерін зерттеу әдістерін меңгеру, пайдалы қазбалардың физикалық және физикалық-химиялық қасиеттеріне сүйене отырып, байыту әдісін таңдау туралы білімді қалыптастыру, кенді байытылғыштыққа зерттеудің технологиялық режимдері мен сұлбаларын талдау
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
- Кеннің заттық, химиялық, минералогиялық және гранулометриялық құрамын зерттеу әдістерін, минералдық шикізатты барлық процестер бойынша байытылғыштыққа зерттеудің негізгі тәсілдерін (ұсату, ұнтақтау, механикалық, гидрометаллургиялық және пирометаллургиялық байыту); байыту жабдығының құрылымын білу
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
- Кеннің құрамын біле, өңдеудің оңтайлы технологиясын ұсыну; технологиялық процестерді әзірлеу; тәуекелдерді бағалау және әзірленетін және қолданылатын техника мен технологиялардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша шараларды анықтау; оңтайлы технологиялық сұлбаны жобалау және байыту фабрикасы жұмысының оңтайлы көрсеткіштерін болжау білу
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
- Алынған теориялық білім негізінде минералды шикізатты өңдеу және байыту бойынша тиімді және экологиялық қауіпсіз жұмыстар өндірісінің негізгі технологиялық параметрлерін таңдау және есептеу дағдыларын меңгеру. Осы пайдалы қазбаға қатысты байытудың түрлі әдістері мен процестерін қолданудың технологиялық тиімділігіне салыстырмалы бағалау жүргізу
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
- Минералды шикізатты байыту саласында заманауи ақпараттық технологияларды қолдану қабілеті
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
- Барлық тапсырмаларды және емтиханды сәтті тапсыру