Алгебра, математикалық талдау және ықтималдықтар теориясының өзекті мәселелері

Рахметуллина Женисгуль Толеухановна

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: Пәннің сипаттамасы келесі бөлімдерден тұрады: математика ғылымының өзекті мәселелері, ғылыми революциялар және математика ғылымының даму кезеңдері, математикалық танымның пәні мен әдістеріндегі өзгерістер. Математикадағы дәлелдеу мәселелерін, математикалық тілдердің айқындылығын, сондай-ақ есептеу күрделілігі жоғары математикалық модельдерді зерттеуге баса назар аударылады.

Кредиттер саны: 5

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер 15
Практикалық жұмыстар
Зертханалық жұмыстар 30
СӨЖО 30
СӨЖ 75
Қорытынды бақылау нысаны емтихан
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны жазбаша емтихан

Компонент: ЖОО компоненті

Цикл: Кәсіптік пәндер

Мақсат
  • "Алгебра, талдау және ықтималдықтар теориясының өзекті мәселелері" пәнінің мақсаты студенттерді математиканың осы салаларындағы заманауи зерттеулер мен әдістермен таныстыру, олардың өзекті математикалық есептерді шешу дағдыларын дамыту және алған білімдерін күрделі пәнаралық мәселелерді талдау үшін қолдану болып табылады.
Міндет
  • - математиканың негізгі бөлімдері бойынша білімді қайталау және жүйелеу
  • - күрделі математикалық есептерді шешу үшін логикалық және аналитикалық ойлау дағдыларын дамыту.
  • - математикалық теорияны ғылымдағы, техникадағы және басқа салалардағы нақты есептерге қолдану.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Алгебраның, геометрияның, талдаудың және ықтималдық теориясының негізгі анықтамалары мен нәтижелерін біледі;
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • - Оқытылатын курстың математикалық аппаратын пайдалана отырып, механикалық, қолданбалы және физикалық сипаттағы есептерді шеше білу;
  • - механика, физика, жаратылыстану және техника есептерін зерттеу және шешу кезінде одан әрі жұмыста қажетті логикалық және алгоритмдік ойлауды, өз бетінше ойлау дағдыларын, математикалық мәдениет пен математикалық интуицияны дамыту.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Математикадан бағдарламаға кіретін материалды қисынды түрде баяндай алады және игерілген материал мен әдістерді өзінің ғылыми зерттеулерінде қолдана алады.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Мамандық бойынша орыс және ағылшын тілдерінде ғылыми әдебиеттерді сыни тұрғыдан талдай алатындығын көрсетеді; өз бетінше ғылыми зерттеу дайындай алады
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Теориялық және практикалық жұмыстарды сыни бағалау, өз тәжірибесін, сондай-ақ теория мен практиканың байланысын мағыналы талдау қабілетін көрсету