Шет тіліндегі кәсіби ғылыми коммуникация

Солтанбекова Қымбат Құмарқызы

Оқытушының портфолиосы

Омариева Динара Акылбековна

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: Бұл пән ғылыми және кәсіби қызметте шет тілінде (ағылшын тілі) академиялық және ғылыми коммуникация дағдыларын дамытуға бағытталған. Пән аясында ғылыми мәтіндерді оқу, жазу, талдау, академиялық стиль мен терминологияны меңгеру, ғылыми баяндамалар мен презентациялар жасау машықтары қарастырылады.

Кредиттер саны: 3

Пререквизиты:

  • Шет тілі

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер
Практикалық жұмыстар 30
Зертханалық жұмыстар
СӨЖО 15
СӨЖ 45
Қорытынды бақылау нысаны емтихан
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны емтихан

Компонент: ЖОО компоненті

Цикл: Базалық пәндер

Мақсат
  • Магистранттардың шет тілінде (ағылшын тілінде) ғылыми ақпаратты қабылдау, талдау және кәсіби ортада тиімді жеткізу қабілеттерін қалыптастыру.
Міндет
  • Академиялық мәтіндермен жұмыс істеу дағдыларын дамыту; 2. Ғылыми стиль мен терминологияны меңгеру; 3. Шет тілінде ғылыми мақалалар жазу және редакциялау; 4. Халықаралық конференциялар мен семинарларда ғылыми баяндама жасауға машықтандыру.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Ғылыми стильдің ерекшеліктерін және академиялық дискурс құрылымын біледі;
  • Ғылыми коммуникация құралдарын, терминдерді, құрылымдарды меңгереді;
  • Әртүрлі ғылыми мәтіндер жанрларын (мақала, аннотация, тезис, баяндама) түсінеді.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Ғылыми мәтіндерді шет тілінде сауатты жаза алады;
  • Ғылыми баяндамалар мен презентациялар дайындап, жеткізе алады;
  • Академиялық стильде пікір білдіре алады.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Шет тіліндегі ғылыми ақпаратқа сыни тұрғыда талдау жасай алады;
  • Ақпараттың сенімділігі мен дәлдігін бағалай алады;
  • Өз ғылыми көзқарасын дәлелдей біледі.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Халықаралық ғылыми ортада кәсіби деңгейде қарым-қатынас жасай алады;
  • Шет тілінде ғылыми пікірталас жүргізе алады;
  • Коммуникативтік стратегияларды орынды қолданады.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Өзіндік ғылыми зерттеуді жоспарлап, шет тіліндегі дереккөздерді пайдалана алады;
  • Ғылыми ақпаратты іздеу және сұрыптау дағдыларын меңгерген;
  • Тілдік және ғылыми дағдыларын үздіксіз жетілдіре алады.