Қаржылық есептілікті талдаудың әдістемесі
Сипаттама: Курс қаржылық талдаудың негізгі, жалпыға бірдей қолданылатын тұжырымдамалары мен әдістерімен таныстырады, сонымен қатар мағыналы жауаптар мен шешімдер алу үшін оларды қашан және қалай қолдану керектігін түсіндіреді. Курстың негізі бизнесті басқару шешімдерімен басқарылатын қаржылық қатынастар мен ақша ағындарының бірыңғай жүйесі ретінде қарастыру идеясына негізделген.
Кредиттер саны: 5
Пререквизиты:
- Қаржылық есеп (ілгерілемелі)
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
| Жұмыс түрлері | сағат |
|---|---|
| Дәрістер | 15 |
| Практикалық жұмыстар | 30 |
| Зертханалық жұмыстар | |
| СӨЖО | 30 |
| СӨЖ | 75 |
| Қорытынды бақылау нысаны | емтихан |
| Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны |
Компонент: Таңдау бойынша компонент
Цикл: Кәсіптік пәндер
Мақсат
- Кәсіпорын қызметіне қаржылық талдау жасаудың қазіргі заманғы әдістерін меңгеру, қаржылық тұрақтылықты, төлем қабілетін және несиені қайтару қабілетін анықтау мен талдаудың әдістерімен танысу.
Міндет
- Қаржылық есептемені талдауға қатысты есептеулерді жүргізе білу, соның ішінде қаржылық коэффиценттерді есептей білу.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
- Қаржыны басқарудағы жалпы жүйесіндегі қаржылық есептемені талдаудың орны туралы білу
- Қаржылық есептемені талдаудың пәнін, әдістерін және түрлерін білу.Қаржылық есептемені талдаудың ақпараттық базасын білу.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
- Қаржылық есептемелерді талдау бойынша тәжірибелік есептеулерді жасауды үйрену, соның ішінде тиімділік көзқарасынан талдау, менеджмент көзқарасынан талдау, бизнес иелері көзқарасымен талдау.
- оның тиімділігі мен қаржылық тұрақтылығы тұрғысынан бизнесті талдау және бағалау қабілеті; менеджмент тұрғысынан талдауды жүзеге асыру қабілеті; бизнес иелерінің тұрғысынан талдауды жүзеге асыру қабілеті; кредиторлар тұрғысынан талдауды жүзеге асыру қабілеті; инвестициялық шешімдерді талдауды жүзеге асыру қабілеті.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
- Қаржылық есептемені талдау барысында алынған нәтижелерді экономикалық тұрғыдан бағалап, оларды кәсіпорынның жалпы қаржылық жағдайын жақсартуға материалдық, еңбек және қаржы ресурстарын пайдаланудың тиімділігін арттыруға бағытталған шараларды жасау үшін пайдалана білу
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
- Бекітілген нысандар бойынша қаржылық есептемелерді дайындау және талдау қабілеті
- Топта жұмыс істеуге қабілетті, өз ой топшылауын сауатты дәлелдей алады, жаңа шешімдер ұсынады, келісім таба алады, өз ойын коллектив ойымен салмақтайды
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
- Күнделікті кәсіби қызметке қажетті жаңа білімдер алу машығын алады және білімін докторантурада жалғастырады. Кәсіби және тұлғалық өсуге ұмтылады