Банктерде есеп және есептілік
Сипаттама: Қазақстан Республикасының нормативтік-заңнамалық құжаттарына және ХҚЕС сәйкес коммерциялық банктерде бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау ерекшеліктерін қарастырады.
Кредиттер саны: 6
Пререквизиты:
- Қаржылық есеп (ілгерілемелі)
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
| Жұмыс түрлері | сағат |
|---|---|
| Дәрістер | 30 |
| Практикалық жұмыстар | 30 |
| Зертханалық жұмыстар | |
| СӨЖО | 30 |
| СӨЖ | 90 |
| Қорытынды бақылау нысаны | емтихан |
| Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны |
Компонент: Таңдау бойынша компонент
Цикл: Кәсіптік пәндер
Мақсат
- Қазіргі экономикалық даму жағдайында ҚР банкіндегі ақпарат ағымының жағдайын, мүлігінің қозғалысын, ақша қаражаттары, кредит, қор, бағалы қағаздар, қорлардың құрылуы, табыс пен шығын, қаржылық нәтижелер туралы ақпараттарын тануды, банктегі бухгалтерлік есеп және есептілігін ұйымдастыру ерекшеліктерімен таныстыру.
Міндет
- - банктегі бухгалтерлік есепті ұйымдастыру саласындағы негізгі заңнамалық актілерді, нормативтік құжаттарды, банктердің есеп жүйесіне қатысты қабылданған барлық нұсқаулықтарды оқып білу; - бухгалтерлік есеп берудің негізгі мазмұнын, қағидаларын, ұйымдастыру сұрақтары мен техникасын білу; - бухгалтерлік есептің экономикалық көрсеткіштерін және оларды есептеу әдістемесін білу; - ЕДБ қаржылық есептемесін дайындап оны оқуға машықтану.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
- банктегі бухгалтерлік есепті ұйымдастыру саласындағы негізгі заңнамалық актілерді, нормативтік құжаттарды, банктердің есеп жүйесіне қатысты қабылданған барлық нұсқаулықтарды оқып білу
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
- теориялық білімін банктердiң есеп саясаты мен бухгалтерлік есебін ұйымдастыруда қолдана білуге дағдылану
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
- қазіргі ақпарат ағымына, өзгерістерге толы әлемдік экономика талаптарына икемді болуғамашықтану
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
- кәсіби қызметімен байланысты түрлі жағдайлар мен шарттарда икемді және жылдам, өзінің кәсіби қызметіне жеңіл сіңіп кетуіне дағдыланған.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
- өзінің кәсіби қызметіне қажетті жаңа білімдерді үнемі жаңарту жолдарын іздеуге, жетілдіруге қабілеттілікке ие