Ықтималдық теориясы және математикалық статистика
Сипаттама: Пән деректерді талдауда және белгісіздік жағдайында шешім қабылдауда қолдану үшін Ықтималдықтар теориясы мен статистика негіздерін зерттейді. Курс ықтималдық модельдерін, кездейсоқ шамаларды, таралу заңдылықтарын (қалыпты және биномды қоса) және статистикалық талдау әдістерін қамтиды: параметрлерді бағалау, гипотезаларды тексеру, корреляция және регрессия. Студенттер деректерді түсіндіру, параметрлерді бағалау және гипотезаларды тексеру үшін ықтималдық және статистикалық әдістерді қолдануды үйренеді, бұл белгісіз ақпаратты талдау негізінде негізделген шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді.
Кредиттер саны: 5
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
| Жұмыс түрлері | сағат |
|---|---|
| Дәрістер | 15 |
| Практикалық жұмыстар | 45 |
| Зертханалық жұмыстар | |
| СӨЖО | 15 |
| СӨЖ | 75 |
| Қорытынды бақылау нысаны | емтихан |
| Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны |
Компонент: ЖОО компоненті
Цикл: Базалық пәндер
Мақсат
- Ықтималдықтар теориясы мен математикалық статистикадағы практикалық есептерді шешудің негізгі ұғымдары мен математикалық әдістерін зерттеу
Міндет
- -ықтималдық теориясы және математикалық статистика, кәсіби есептерді шешу процесінде қолдану ерекшеліктері туралы түсініктерін қалыптастыру;
- - есептердің математикалық қойылымдарын тұжырымдау, оларды шешудің қолайлы әдісін табу дағдыларын игеру
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
- «Ықтималдықтар теориясы және математикалық статистика» пәні бойынша негізгі іргелi ұғымдар жүйесін, негізгі анықтамалар және қасиеттер, теоремалар;
- Белгісіз параметрдің дәлдiгiнiң бағасы және сенiмдiлiктiң статистикалық өңдеудiң негiзгi әдiстерiн біледі.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
- «Ықтималдықтар теориясы және математикалық статистика» пәнін меңгергеннен кейін алған білімдерін кәсіби пәндердегі қолданбалы есептерді шешуде және берілгендердің статистикалық өңдеуін әртүрлі есептердің математикалық үлгілерін құруда қолданады.
- владеет методами математического анализа и моделирования; методами решения задач анализа и расчета характеристик физических систем, основными приемами обработки экспериментальных данных, методами работы с прикладными программными продуктами
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
- Математикалық әдістерді қолданып, алынған үлгінің дұрыстығын талдайды және жаратылыстанудың әртүрлі салаларынан қолданбалы мақсаттарды шешу әдістері мен математикалық моделдер туралы көзқарасы болады.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
- Команда құрамында математикалық әдістер қолданғанда өз көзқарасын негіздей алатын және жаңа шешімдер қабылдай алатын болады.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
- Ықтималдықтар теориясы және математикалық статистика элементтерін қолдана отырып, білімдерін математикалық түрде тиянақты көрсете алады.