Кен-металлургиялық өнеркәсіптің қоршаған ортаға әсерін бағалау
Сипаттама: Тау-кен металлургия кешенінің қоршаған ортаға әсерін бағалау мен болжаудың заманауи тәсілдерін, техногендік жүктеме жағдайында экожүйелердің тұрақтылығын талдауды, сондай-ақ өнеркәсіптік аймақтардағы экологиялық мониторинг пен тәуекелдерді басқару әдістерін зерттейтін жоғары мектеп пәні.
Кредиттер саны: 5
Пререквизиты:
- Химиялық үрдістер мен өнімдердің қоршаған ортаға әсерін бақылау
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
| Жұмыс түрлері | сағат |
|---|---|
| Дәрістер | 15 |
| Практикалық жұмыстар | 30 |
| Зертханалық жұмыстар | |
| СӨЖО | 75 |
| СӨЖ | 30 |
| Қорытынды бақылау нысаны | емтихан |
| Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны | Емтихан |
Компонент: Таңдау бойынша компонент
Цикл: Кәсіптік пәндер
Мақсат
- Ғылымның заманауи әдістерін меңгерген, тау-кен-металлургия кешенінің қоршаған ортаға әсерін бағалаудағы ғылыми әдістерді қолдана алатын, экожүйелердің тұрақтылығын арттыру және техногенді тәуекелдерді азайту мақсатында болжау, модельдеу және экологиялық мониторинг жүргізуге қабілетті докторанттарды даярлау.
Міндет
- - тау-кен-металлургиялық кәсіпорындардың қоршаған орта компоненттеріне техногендік әсер ету механизмдерін зерделеу; - тау-кен-металлургия кешені кәсіпорындарының қызметінің салдарларын болжау және бағалау.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
- - Тау-кен металлургия кешенінің атмосфераны, гидросфераны, литосфераны және биотаны қоса алғанда, қоршаған орта компоненттеріне әсерін бағалаудың теориялық негіздері; - Экожүйелердің тұрақтылығын болжау, экологиялық мониторинг және талдау принциптері мен әдістері; -ТМК кәсіпорындарының қызметін экологиялық реттеудің нормативтік-құқықтық талаптарын, халықаралық стандарттары мен құралдарын түсіну.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
- - Тау-кен металлургиялық кәсіпорындардың қоршаған орта компоненттеріне әсерін бағалауды жүргізу; - Техногендік факторлардың салдарын талдау және экологиялық тәуекелдерді модельдеу; - Экологиялық мониторинг, болжау және оның тұрақты жағдайын қамтамасыз ету үшін табиғи ортаның сапасын басқару әдістерін қолдану.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
- - Тау-кен металлургия кәсіпорындарының қызметін реттеудің құқықтық, ғылыми және экологиялық негіздері туралы; - Қоршаған ортаға техногендік әсердің әлеуметтік-экономикалық және экологиялық салдары туралы; - ТМК-да экологиялық мониторинг, тәуекелдерді басқару және орнықты даму қағидаттарын енгізу қажеттілігі туралы.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
- Тау-кен-металлургия кешенінің қоршаған ортаға әсерін бағалау саласында ғылыми және талдамалық қызметті кәсіби түрде жүзеге асыру, экологиялық қауіпсіздік және орнықты даму мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен, өнеркәсіптік кәсіпорындармен және ғылыми қоғамдастықпен тиімді өзара іс-қимыл жасау.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
- Тау-кен металлургия кәсіпорындарының қоршаған ортаға әсерін бағалаудың қазіргі заманғы әдістері мен технологиялары туралы білімдерін жетілдіру, сондай-ақ экологиялық мониторингтің, болжаудың және тұрақты дамуды басқарудың инновациялық құралдарын өз бетінше зерделеу және қолдану қабілетін дамыту.