Магистранттың ғылыми зерттеу жұмысы, соның ішінде тағылымдамадан өту мен магистрлік диссертацияны орындау

Жаманбаева Манира Крыкбаевна

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: Магистрлік диссертацияны орындау ауқымы ғылыми зерттеулер жүргізу қажеттілігімен ғана емес, сонымен қатар өз еңбегін дұрыс ұйымдастыру, уақытты тиімді бөлу, мәтіндік материалдарды логикалық құру дағдыларын меңгеру, ғылыми терминологияны қолдану, пікір-талас барысында қойылған сұрақтарға жауап беру, өз зерттеулерінің нәтижелерін дәлелді қорғау қабілеттерімен байланысты. Бұл ретте ғылыми тағылымдамалар инновациялық технологиялармен және өндірістің жаңа түрлерімен ғылыми ұйымдарда немесе тиісті салалар немесе қызмет салаларының ұйымдарында танысу үшін қажет.

Кредиттер саны: 24

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер
Практикалық жұмыстар
Зертханалық жұмыстар
СӨЖО
СӨЖ 150
диф.сынақ
диф.сынақ
диф.сынақ
диф.сынақ
Қорытынды бақылау нысаны диф.сынақ
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны

Компонент: Міндетті компонент

Цикл: Қосымша оқу түрлері

Мақсат
  • Магистрлік диссертацияны орындау барысында магистранттарға әдістемелік көмек көрсету.
Міндет
  • диссертациялық зерттеулердің өзекті тақырыптарын таңдауды қамтамасыз ету;
  • ғылыми тағылымдама материалдарын пайдалана отырып, ғылыми мәселелерді шешу кезінде мақсаттар мен міндеттерді таңдау дағдысын қалыптастыру;
  • магистранттарды ғылыми зерттеу әдістерімен, инновациялармен, технологиялар трансфертімен таныстыру;
  • ғылыми мақалалар мен баяндамалар тезистерін, диссертация авторефератын рәсімдеу ережелерін оқып үйрену;
  • көпшілік алдында сөз сөйлеу дағдыларын меңгеру үшін жағдай жасау, оппоненттердің сұрақтарына жауап беру, өз зерттеулерінің нәтижелерін қорғау;
  • магистранттарды ғылыми қорғау процедурасы.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Ой-өрісі кең және ойлау мәдениеті бар жоғары білімді тұлғаны қалыптастыруға ықпал ететін оқыту пәнінің терең білімін меңгеру.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Геодезиялық жұмыстарды жүргізуге қатысты барлық аспектілерде ғылыми және педагогикалық қызметтің барлық түрлерін ұйымдастыру, жоспарлау, жүргізу мәселелерінде құзыретті болу
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Жалпы ғылыми әдіснаманы, логиканы және ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізу технологиясын пайдалана білу, оның нәтижелерін ғылыми өнімнің әр түрлі формаларында ресімдей білу.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Педагогикалық қызмет; ғылыми-зерттеу және педагогикалық қызметті жүзеге асыру үшін қажетті көлемде шет тілдерін пайдалану дағдылары болуы тиіс.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Зерттеудің қажетті әдістерін таңдай білу, бар әдістерді түрлендіру және нақты зерттеудің міндеттеріне сүйене отырып жаңа әдістерді әзірлеу.