Ғимараттар мен үймереттерге сейсмикалық әсер
Сипаттама: Сейсмикаға төзімді құрылыс негіздерін, сейсмикалық жүктеме параметрлерін, есептеу әдістерінің даму тарихын зерттейді. Сейсмикалық жүктемелерді анықтаудың нормативтік, сондай-ақ сандық тәсілі. Сейсмикалық қауіпсіз ғимараттар мен құрылыстардың көлемдік-жоспарлау және конструктивтік шешімдерін таңдау. Сейсмикалық қорғау және сейсмоқшаулау туралы негізгі мәліметтер. Сейсмикалық жүктеменің ықтимал әсерін ескермей салынған қолданыстағы ғимараттар мен құрылыстарды күшейтудің өзекті мәселелері.
Кредиттер саны: 5
Пререквизиты:
- Физика
- Инженерлік сейсмология
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
| Жұмыс түрлері | сағат |
|---|---|
| Дәрістер | 15 |
| Практикалық жұмыстар | 30 |
| Зертханалық жұмыстар | |
| СӨЖО | 30 |
| СӨЖ | 75 |
| Қорытынды бақылау нысаны | емтихан |
| Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны |
Компонент: Таңдау бойынша компонент
Цикл: Базалық пәндер