Химия-технологиялық үдерістерді үлгілеу

Тезекпаева Шынар Толегеновна

Оқытушының портфолиосы

Бакланова Ольга Евгеньевна

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: Бұл курс студенттерге химиялық технологиядағы математикалық және компьютерлік модельдеудің негізгі принциптері туралы түсінік қалыптастырады. Процестерді сипаттау мен талдау әдістерін, сондай-ақ технологиялық жүйелерді болжау, басқару және оңтайландыру үшін модельдерді әзірлеу мен қолдануды зерттейді. Курс нәтижесінде студенттер химиялық-технологиялық процестердің математикалық модельдерін құру, оларды өндірісте практикалық қолдану және модельдеу мен оңтайландыруға арналған заманауи бағдарламалық құралдарды пайдалану бойынша білім алады.

Кредиттер саны: 5

Пререквизиты:

  • Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер 15
Практикалық жұмыстар 30
Зертханалық жұмыстар
СӨЖО 30
СӨЖ 75
Қорытынды бақылау нысаны емтихан
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны

Компонент: ЖОО компоненті

Цикл: Базалық пәндер

Мақсат
  • химиялық өнеркәсіптегі технологиялық жүйелерді талдау, болжау, оңтайландыру және басқару үшін қажетті химиялық-технологиялық процестердің математикалық және компьютерлік модельдеуі бойынша студенттердің теориялық білімдері мен практикалық дағдыларын қалыптастыру
Міндет
  • Химиялық-технологиялық жүйе, математикалық модель және блоктық модельдеу әдісі туралы негізгі ұғымдар мен анықтамалар;
  • Химиялық процестерді модельдеу есептерін шешудің негізгі әдістерін меңгеру.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • химиялық үрдістерді моделдеу ерекшеліктері;
  • реакторлардың математикалық моделдері;
  • реакторлардың сандық моделдеу;
  • қойылған есеп үшін компьютерлік моделдеу бағдарламасында кодты жазу мүмкіндіктері.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • химиялық және технологиялық процесстерді математикалық және компьютерлік моделдеу есебі үшін математикалық моделді құру.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • есептің ұтымды шешімін табу және пән аймағында білімдерін саралай алу.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • тақырып бойынша ғылыми, анықтамалық, әдістемелік әдебиеттерді пайдалану, ғылыми-техникалық ақпараттарды жүйелі түрде жинау және шетелдік тәжірибелерге талдау жасауды жүзеге асыра алу.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • химиялық-технологиялық проецсстерді моделдеу есебінің шешу алгоритмін құру;
  • есепті жүзеге асыру үшін бағдарламалық жасақтаманы таңдау;
  • нәтижелерді визуализациялау;
  • өзін-өзі зерттеу, химиялық үрдістерді математикалық және компьютерлік моделдеу саласындағы білімді кеңейту