Электрохимия
Сипаттама: Бұл пән студенттерді электрохимиялық процестердің теориясы мен практикасының негіздеріне, олардың ғылым мен өндірістегі қолданылуына үйретеді. Курс фазалар аралығында өтетін құбылыстарды, электрохимиялық реакциялар заңдарын, электрохимиялық жүйелерді талдау және синтездеу әдістерін зерттеуге бағытталған. Зертханалық процестерді өнеркәсіптік қолдануға масштабтау ерекше назарда: жабдықты таңдау, параметрлерді оңтайландыру, тұрақтылық пен өнім сапасын бақылау, сондай-ақ қауіпсіздік стандарттарын сақтау. Оқыту барысында химиялық термодинамика мен электрохимиялық реакциялар кинетикасы, металдарды электролиз арқылы алу және тазарту әдістері, сондай-ақ оларды практикалық қызметте қолдануға арналған жаратылыстану ғылымдары бойынша терең білім қалыптасады.
Кредиттер саны: 5
Пререквизиты:
- Физикалық және коллоидтық химия
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
| Жұмыс түрлері | сағат |
|---|---|
| Дәрістер | 15 |
| Практикалық жұмыстар | 30 |
| Зертханалық жұмыстар | |
| СӨЖО | 30 |
| СӨЖ | 75 |
| Қорытынды бақылау нысаны | емтихан |
| Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны |
Компонент: Таңдау бойынша компонент
Цикл: Кәсіптік пәндер
Мақсат
- "Электрохимия" курсы Химия, химиялық инженерия мамандығының студенттеріне осы ғылымның теориялық негіздерін, химия өндірістегі қазіргі жағдайы және практикалық қолданулары туралы нақты түсінік беру мақсатында жүргізіледі. Пәнді оқытудың мақсаты студенттерді электродтық процестердің термодинамикасы мен кинетикасымен, химиялық заттарды электролиттік жолмен алудың теориялық негіздерімен таныстыру болып табылады.
Міндет
- "Электрохимия" курсының міндеті студенттердің химиялық термодинамика және электрохимиялық реакциялардың кинетикасы, электролиз арқылы химиялық заттарды алу мен тазартудың заманауи тәсілдері туралы түсініктерін қалыптастыру, сонымен қатар практикалық қызметте қолдану үшін бакалаврларды жаратылыстану – ғылыми сипаттағы терең біліммен қамтамасыз ету болып табылады.