Бейорганикалық химия 2
Сипаттама: Пән реакциялардың механизмдерін, заттардың құрылымын, бейорганикалық заттарды синтездеу, талдау және өңдеу әдістерін зерттейді. Бұл білім жаңа материалдарды, тиімді технологияларды дамытуға және ғылым мен өндірістің әртүрлі салаларында қолдануға болатын экологиялық мәселелерді шешуге көмектеседі.
Кредиттер саны: 6
Пререквизиты:
- Химия. Мектеп курсы
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
| Жұмыс түрлері | сағат |
|---|---|
| Дәрістер | 30 |
| Практикалық жұмыстар | 15 |
| Зертханалық жұмыстар | 15 |
| СӨЖО | 30 |
| СӨЖ | 90 |
| Қорытынды бақылау нысаны | емтихан |
| Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны |
Компонент: ЖОО компоненті
Цикл: Базалық пәндер
Мақсат
- Жай заттар мен олардың қосылыстарының құрамы, құрылымы, қасиеттері, осы заттарды алу әдістері мен оларды қолдану арасындағы байланысты бағалау және талдау қабілеттерін қалыптастыру. Қарстырылатын болады: табиғатта таралуы, алу әдістері, қарапайым заттар мен олардың бейорганикалық қосылыстарының физикалық, химиялық қасиеттері, периодтық жүйенің 1-18 топтары элементтерінің жай заттары мен маңызды қосылыстарын қолдану.
Міндет
- 1. Элементтер химиясының ең маңызды фактілерін, ұғымдарын, заңдарын және теорияларын мәндерін (мағыналарын) түсіндіре алу; 2. Физикалық және химиялық қасиеттерінің жиынтығы бойынша жай (элементтер) және күрделі бейорганикалық заттарды түсіндіру. 3. Өмірде кездесетін әртүрлі жағдайларда (тұрмыста, зертханада, өнеркәсіпте және т.с.с.) бейорганикалық жай заттарды және химиялық қосылыстарды қолдану 4. Қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып, химиялық тәжірибелер орындай алауы және бақылау нәтижелерін түсіндіре алуы керек. Тәжірибе кезінде бақылаулар, қорытындылар және элементтер химиясы бойынша теориялық білімдерін қолдана эксперименттік есептер шығара алу керек; 5. Химиялық элементтердің периодтық жүйедегі орны бойынша олар түзетін жай заттар мен қосылыстардың қасиеттерін болжай алады; Химиялық заттардың құрамы, құрылысы және қасиеттері өзара байланысты екенін болжай алу;
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
- РО6 - Химиялық процестерді болжау және химия өнеркәсібі, фармацевтика, ауыл шаруашылығы, экология және басқа салалардағы практикалық мәселелерді шешу үшін теориялық модельдерді қолдана білу
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
- Химиялық реакциялардың жүру барысын талдау және болжау, өнім сапасын бақылау және зерттеу үшін сапалық және сандық талдаулар жүргізу, органикалық заттардың реакция механизмдерін түсіну, сондай-ақ әртүрлі термодинамикалық параметрлерді есептеу
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
- - Оқу әдебиеттерінен, интернеттен химиялық ақпаратты іздей алады. Кесте, диаграмма, периодтық жүйе сияқты ақпарат көздерін дұрыс қолданады. Әртүрлі дереккөздерді салыстырып, сенімді ақпаратты таңдайды. Жаңа тақырыпты оқып, негізгі ойды ажыратады. Формулалар мен реакцияларды есте сақтаудың тиімді әдістерін қолданады. Тапсырмаларды орындауда уақытты дұрыс жоспарлайды. Қиындықтарды жеңу үшін қосымша дереккөздерге жүгінеді. Қателерін талдап, келесіде дұрыстауға ұмтылады. Өмір бойы оқуға дайындық қабілетін дамытады.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
- Ғылыми тілде сөйлеу және жазу. Химиялық терминдер мен символдарды дұрыс қолдану. Реакция теңдеулерін ауызша сипаттау . Лабораториялық есептерді жазбаша рәсімдеу. Топтық және жұптық жұмыс. Химиялық тәжірибелерді бірлесіп орындау. Топ ішінде рөлдерді бөлісу (бақылаушы, орындаушы, жазушы, баяндамашы). Басқалардың пікірін тыңдау және өз ойымен бөлісу. Пікірталас жүргізу. Экологиялық мәселелерді (қышқыл жаңбыр, атмосфералық ластану) талқылау. Химиялық жаңалықтардың қоғамға әсерін бағалау. Ақпаратты түсіндіру және қорғау. Жобалық жұмыстар нәтижесін сынып алдында таныстыру.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
- Студент теорияны тапсырмалармен мысалдар арқылы дұрыс шешуде негізгі көрсетеді, нақты есептерді шеше алады және әдісті дұрыс қолданады.
Оқыту әдістері
Оқу сабақтарын өткізу кезінде мынадай білім беру технологияларын пайдалану көзделеді - Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар - Саралап оқыту технологиясы Оқушылардың жеке ерекшеліктеріне сай тапсырма беру. Қабілеті жоғары оқушыға күрделі есеп, ал көбірек қолдау қажет ететін оқушыға жеңілдетілген тапсырма беру.
Дәріс сабақтарының тақырыптары
- Сутек
- Галогендердің сутекті қосылыстары, олардың алынуы, физикалық және химиялық қаситеттері, қолданылуы
- 6 - топ элементтері
- 5 - топ элементтері
- Фосфор және оның қосылыстары
- 4 - топ элементтері
- Кремний, оның табиғатта таралуы, алынуы, физикалық және химиялық қасиеттері, қолданылуы
- Металдардың жалпы сипаттамасы және оларды физикалық және химиялық қасиеттері бойынша жіктеу
- Алюминий және оның маңызды қосылыстары
- 2 - топ элементтері және олардың қосылыстары
- I - топ элементтері және олардың қосылыстары
- 3-6 топтардың d-элементтері
- 7 топ элементтері
- d-элементтер және олардың маңызды қосылыстары
- Алтын, күміс, мыс элементтерінің жалпы сипаттамалары, алынуы, физикалық және химиялық қасиеттері, қолданылуы
Негізгі әдебиет
- 1. Бірімжанов Б.А. Жалпы химия.-Алматы, ЖШС РПБК «Дәуір», 2011.-752 б. 2. Еремин, Вадим Владимирович. " Оқушыларға арналған теориялық және математикалық химия. Химиялық олимпиадаларға дайындық", 2022 – 584 б. 3. Глинка Н.Л. Жалпы химия есептері мен жаттығулары. – Алматы: Қазақ университеті, 2017 – 303 б. 4. Бейсембаева Л.К., Ниязбаева А.И., Пономаренко О.И. Бейорганикалық химия. – Алматы: Қазақ университет» 2016 –165 б 5. Бекишев К,Б., Рыскалиева Р.Г. Жалпы химия есептері мен жаттығулары. –Алматы: Қазақ университет» 2017 –303 б.
Қосымша әдебиеттер
- 1. Глинка Н.Л. Общая химия. – М.: КноРус, 2019 – 752 с. 2. Ахметов Н.С. Общая и неорга ническая химия. – М.: Лань, 2018 – 743 с. 3. Еремин, Вадим Владимирович. "Теоретическая и математическая химия для школьнико", 2021 – 640 с. 4. Карапетьянц М.Х., Дракин С.И. Общая и неорганическая химия. – М.: ЛИБРОКОМ, 2019 -592 с. 5. Лидин Р.А., Молочко В.А.,Андреева Л.Л. Химические свойства неорганических веществ.- Москва 2017.- 480 с.