Персоналды басқару
Сипаттама: Ұйымның персоналын басқарудың негізгі тәсілдерін зерделеу және персоналмен жұмыс істеу әдістері мен технологияларын игеру; персоналды басқарудың мәні кәсіпорын деңгейінде жұмыс күшін қалыптастыру, бөлу, қайта бөлу процесіне, кәсіпорынның тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету және онда жұмыс істейтін қызметкерлердің жан-жақты дамуын қамтамасыз ету мақсатында қызметкердің еңбек сапасын (жұмыс күшін) пайдалану үшін жағдай жасауға өзара байланысты ұйымдық-экономикалық және әлеуметтік шаралардың көмегімен жүйелі, жоспарлы ұйымдастырылған ықпал ету болып табылады.
Кредиттер саны: 3
Пререквизиты:
- Менеджмент негіздері
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
| Жұмыс түрлері | сағат |
|---|---|
| Дәрістер | 15 |
| Практикалық жұмыстар | 15 |
| Зертханалық жұмыстар | |
| СӨЖО | 15 |
| СӨЖ | 45 |
| Қорытынды бақылау нысаны | емтихан |
| Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны |
Компонент: Таңдау бойынша компонент
Цикл: Базалық пәндер
Мақсат
- Персоналды басқару бойынша теориялық білімді қалыптастыру, басқару процесстерін негіздерін дамытуға бағытталған мекеме персоналдарымен тиімді жұмыс істеу бойынша ойлау қабілетін дамыту.
Міндет
- Персоналды басқарудың ғылыми негізін білу және менеджменттің бұл бөліміндегі негізгі концепциясымен білу.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
- Теориялық негіздерді білу, негізгі ұғымдарды және персоналды басқару принциптерін білу, персоналды басқаруды процесстерін зерттеудің негізгі түрлерін білу.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
- Бұл курсты білу персоналды басқару бойынша мамандарға кәсіби қызметтері үшін қажетті және нарықтық шартта кадрмен жұмыс істеу, мекемеде басқару жүйесін және персоналды басқару жүйесіндегі қатысушыларды қалыптастыруда қажет.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
- Өз бетінше және творчествалық ойлау, көп көлемдегі мәліметтерге бағдарлау
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
- Коммуникативті мүмкіндіктерге әлеуметтік – психологиялықсараптама жүргізу, тілдесу үрдісін бағдарламалау, тілдесу процестері және коммуникативті жағдайларды әлеуметтік – психологиялық басқару.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
- Оқу қабілетін дамыту, әр түрлі қайнар көздерінен ақпаратты іздеу және сараптама жүргізе білу, мәселелерді шешу; зерттеушілік қабілетті қалыптастыру.