Көлік жүйелерінің дамуын және бәсекеге қабіліттілігін бағалауды жоспарлау
Сипаттама: Бұл пән болжаудың принциптерін, тәсілдері мен әдістерін, болжамдардың жіктелуін, көліктік жобаларды болжаудың әдіснамалық негіздерін, сараптама ұғымдарын, сараптамалық бағалауларды, магистранттың ары қарай зерттеу қызметіне қажетті сарапшыларға қойылатын талаптарды зерделеуді қарастырады.
Кредиттер саны: 5
Пререквизиты:
- Көліктегі тасымалдауларды басқару
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
| Жұмыс түрлері | сағат |
|---|---|
| Дәрістер | 30 |
| Практикалық жұмыстар | 15 |
| Зертханалық жұмыстар | |
| СӨЖО | 30 |
| СӨЖ | 75 |
| Қорытынды бақылау нысаны | емтихан |
| Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны | жазбаша |
Компонент: Таңдау бойынша компонент
Цикл: Базалық пәндер
Мақсат
- Магистранттарға көлік жүйелерін болжау мен оның бәсекеге қабілеттілігін бағалау саласында зерттеулер жүргізу дағдылары мен ғылыми және кәсіби білім жүйесін қалыптастыру
Міндет
- Көлік жүйесінің тиімділігін арттырудың қолданбалы міндеттерін шешу үшін болжау әдістемесінің негізгі ережелері туралы түсінік қалыптастыру; магистранттармен көлік жүйелерін бағалаудың ұйымдастыру және әдістемелік негіздерін оқу
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
- Магистрант болжаудың негізгі анықтамаларын, ережелерін, әдістерін, тәсілдерін және болжауды өткізу әдістемесін, болжауды ұйымдастыру нысандарын білуі керек.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
- Ғылыми және инженерлік-қолданбалы есептеулерді орындай алу, алынған нәтижелерді талдау, талдау нәтижелерін синтездеу негізінде қорытынды жасау, көлік техникасының бәсекеге қабілеттілігін бағалау
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
- көлік жүйелерінің жағдайы туралы пайымдаулар тұжырымдау
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
- Қазіргі заманғы технологиялармен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру, кәсіби қызмет саласында ақпараттық технологияларды пайдалану шеберлігі
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
- Күнделікті кәсіби қызмет үшін қажетті және докторантурада оқуын жалғастыру үшін жаңа арнайы білім алу дағдыларын меңгеру