Көліктегі статистика
Сипаттама: Көлік статистикасы көлікте болып жатқан құбылыстар мен процестерді бақылау міндеттерін шешеді: жылжымалы құрамның саны, көлік инфрақұрылымы, тасымалдау көлемі, сондай-ақ кәсіпорындар мен ұйымдардан сапалы және объективті ақпарат алу, көлік кәсіпорындары қызметінің нәтижелерін бағалау және салалар, өңірлер бойынша және тұтастай алғанда ел бойынша бірыңғай әдістеме бойынша жиынтық деректерді қалыптастыру.
Кредиттер саны: 5
Пререквизиты:
- Жоғары математика
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
| Жұмыс түрлері | сағат |
|---|---|
| Дәрістер | 15 |
| Практикалық жұмыстар | 30 |
| Зертханалық жұмыстар | |
| СӨЖО | 30 |
| СӨЖ | 75 |
| Қорытынды бақылау нысаны | емтихан |
| Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны |
Компонент: Таңдау бойынша компонент
Цикл: Базалық пәндер
Мақсат
- Білім алушыларда статистикалық зерттеулер саласында кәсіби білімді және көлік жүйелеріндегі үрдістердің қағидалары мен заңдылықтарын зерделеу үшін статистикалық ақпаратты жинау, өңдеу және талдаудың практикалық дағдыларын қалыптастыру.
Міндет
- - статистиканың мәнін, пәнін, объектілерін білу; -статистиканың негізгі ұғымдық аппаратын меңгеру; -статистикалық зерттеудің негізгі әдістерін меңгеру; -негізгі статистикалық көрсеткіштерді білу, көлікте статистиканы ұйымдастыру негіздерін білу; -статистикалық көрсеткіштерді есептеу және талдаудың теория және практика мәселелері туралы түсінікке ие болу; - талдау және жоспарлау мақсаттары үшін алынған статистикалық деректерді қолдану туралы нақты түсінікке ие болу.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
- - статистикалық байқаудың заманауи құралдары мен әдістерін білу; - статистикалық көрсеткіштер жүйесін білу;; - көлік құралдары жұмысының көрсеткіштерін өңдеу және талдау әдіснамасын білу;
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
- - әртүрлі статистикалық көрсеткіштерді есептей білу және зерттеу нәтижелері бойынша қажетті қорытындылар жасай білу; - статистикалық көрсеткіштерді жинау, өңдеу және қорыту үшін статистикалық зерттеулердің әдістері мен тәсілдерін қолдану; - объектілер мен құбылыстар арасындағы өзара байланысты зерттеу бойынша талдамалық зерттеулер жүргізу.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
- - жүктерді және жолаушыларды тасымалдау үрдістерін ұйымдастыру деңгейін сыни талдау және бағалау.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
- - кәсіби қарым-қатынас және мәдениетаралық коммуникация дағдыларына ие болу.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
- - Бейіндік пәндерді меңгеру және мамандық бойынша білімін жалғастыру үшін қажетті жаңа білім алу дағдыларын меңгеру.